Асылхан — үздік ойыншы

Волейбол
Тараз қаласында 21 жасқа дейінгі ерлер арасында волейболдан ел чемпионаты өтті. Сайыста еліміздің сегіз облысынан келген сегіз команда бақ сынады. Нәтижесінде «Ақтөбе» құрамасы чемпионат жеңімпазы атанды. Ал команданың шабуылшысы Асылхан Ізбергенұлы «Үздік ойыншы» атағын жеңіп алды.
— Ойын соңғы плей-офф кезеңінде өте тартысты болды. Жартылай финалда Атырау облысының клубыменкездестік. Плей-офф жүйесібойыншажартылай финал мен ақтық ойындағы командалар бір-бірін екі мәрте ұтуы керек. Жалпы есепте біз Атырау командасын 3:0;3:0 есебімен екі рет қатарынан жеңіп финалға жолдама алдық. Ал Тараз клубы алматылық«Буревестникті»жалпы ойында 2:1 есебімен ұтты. Содан ары қарай алаң иелерімен өте қиын ойын болды. Бірақ соған қарамастан,біздің команда 3:2;3:2 есебімен екі мәрте тараздықтарды жеңіп, чемпионаттың жеңімпазы атанды, — деді Асылхан Ізбергенұлы.
Енді Асылхан Шымкент қаласына Қазақстан волейбол құрамасына іріктеуге барады.
Кәмшат ҚОПАЕВА.