Ректор кубогы сарапқа салынды
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде ректор кубогына арналған шағын футбол турнирі өтті. «Жастар Арена» спорт кешенінде өткен жарыста студенттік құрама командалар және интерндер мен резиденттер бақ сынасты.
Университет ректоры Әсет Қалиев футбол алаңында батылдық танытып, өзкурсының, факультетінің намысын қорғаған жастарға алығысын білдірді.
— Футбол —төзімділіктіарттыратын, бұлшықетті шынықтыратын спорт түрі. Университет жастарының осы спорт түріне деген қызығушылығы жоғары.Биылғы жарысқа жүзге жуық студент қатысып отыр. Барлығыңызға алғыс білдіремін, — деді Әсет Қалиев.
Жалпы турнирге 8 құрама команда және халықаралық факультеттің 2 командасы қатысты. Командалар А және В тобына бөлінді.
Турнир қорытындысындаинтерндер мен резиденттерқұрамакомандасыбірінші орын алды. Ал 4-курстың құрама командасы — екінші орын, 3-курс командасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық берілді. Ал сайыста шеберлігімен көзге түскен Асылхан Үсенов — «Үздік қақпашы», Нұртуған Әбдірей «Үздік шабуылшы» атанды.
Кәмшат ҚОПАЕВА.