Жаңалықтар

Ерлікті еске алды

15 ақпан — Ауғанстаннан кеңес әскері шығарылған күн

Жауынгер-интернационалистер ескерткішінің алаңында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 28 жылдығына арналған гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Шараға Ақтөбе қалалық әкімдігінің, қоғамдық ұйымдар мен әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.

Бүгінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толды. Ақтөбе облысынан жүздеген жауынгер өзінің интернационалдық парызын орындады. 26 ақтөбелік жас ерлікпен қаза тапты. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде жауынгер Мұрат Анапин бар.

Салтанатты еске алу шарасына сұрапыл соғыста көз жұмған боздақтардың туыстары мен қаланың әскери бөлімшелері жиналды.

— Бүгін біз еліміз үшін жан аямай күрескен жауынгерлерге құрмет көрсету үшін жиналдық. Отанына адал қызмет етіп, өз өмірлерін қиған сол батырларға шексіз алғысымды білдіремін, — деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Орынбасар.

Сондай-ақ жиында сөз алған облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Аслан Балқасынов:

— Бұл соғыста біздің 26 сарбазымыз көз жұмды. Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерімізді әрдайым құрметпен еске аламыз. Отан үшін от кешкен жауынгер-интернационалистердің есімдері халық жадында мәңгі қалмақ, — деді.

Шара соңында жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жауынгерлер рухына тағзым етті.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button