Спорт

Жанат Жақиянов — әлем чемпионы!

Тағы бір қазақ боксшысы кәсіби рингте чемпион атағына қол жеткізді.

АҚШ-тың Толедо қаласында қазақстандық Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салған еді.

Бірінші раундта Уоррен Жанатты екі рет нокдаунға жіберді. Қазақтың қайсар ұлы бұған жасымай, екінші раундтан бастап тізгінді өз қолына алды. 12 раундық кездесудің қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті ұпай саны бойынша басым түскен Жанат Жақияновқа берді.

Бұл — Жанаттың кәсіби рингтегі 27-ші жеңісі. Бұған дейін ол 26 кездесу өткізіп, 25 рет жеңіске жетті және 18 рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Роуши Уоррен де оңай қарсылас емес. Ол кәсіби боксқа осыдан үш жыл бұрын бет бұрған. Аз уақыт ішінде 14 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетіп, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған болатын.

Жанат алдағы уақытта қазақ жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта береді деп үміттенеміз.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button