ЖаңалықтарЭкономика

Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимараттарды жалдаудан жылына 22,8 млн теңге үнемдейді

Тамыз айынан бастап қалалық мекемелерді ұстауға кететін бюджеттің шығындарын оңтайландыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. 

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың төрағалық етуімен өткен кеңесте қалалық мемлекеттік мекемелер жалдап отырған ғимараттарға кететін бюджеттік шығындар талданып, шығынды азайту шаралары жасалды. Мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік меншіктегі ғимараттарға орналастыру жөнінде шешім қабылданды. Осы мақсатта қала әкімінің тапсырмасы бойынша қалалық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері алып отырған әкімдік ғимараты алаңдарын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, телефон нөмірлерінің саны, ғимараттарды жөндеу шығындары қысқартылды. Кабинеттерді босату нәтижесінде бұрын 140 шаршы метр ғимаратты жалдап келген тұрғын үй инспекциясы бөлімі Т.Ахтанов көшесіндегі ғимаратқа көшірілді. Жыл аяғына дейін қалған 1,2 миллион теңге жалдау ақысы, көп қабатты тұрғын үйлер кондоминиумдарының техникалық төлқұжаттарын дайындауға жұмсалады. Таяу уақытта әкімдік ғимаратына ауыл шаруашылығы, ветеринария, кәсіпкерлік бөлімдері орналасатын болады. Денешынықтыру және спорт бөлімі БЖСМ ғимаратына, құрылыс бөлімі коммуналдық меншіктегі Алтынсарин көшесі, 31-үй ғимаратына орналастырылады. Осылайша, Алтынсарин көшесі, 2-үйде босаған орындарға  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ орналастырылуы мүмкін.
Қаланың 17 мемлекеттік мекемесі (5 ауылдық округ пен АХАТ-тан басқа) 3332,3 шаршы метр алаңда, оның ішінде 846,8 шаршы метрі жалға алынған алаңда орналасқан. Жыл сайынғы жалдау ақысы — 22,8 миллион теңге. Оңтайландыру нәтижесінде барлық мемлекеттік мекемелер коммуналдық меншіктегі ғимараттарға орналасатын болады, ал қалалық бюджеттен жылына 22,8 млн теңге үнемделіп, ол қаржы қаланың әлеуметтік проблемаларын шешуге жұмсалады.
Әкімдік ғимаратындағы бөлмелерге  қайта ыңғайлау  жұмыстары жүргізілді. Мәселен, енді қала әкімінің кабинеті 2-қабатта болады. Үшінші қабаттағы бұрынғы кабинет,  орынбасарлар үшін қабылдау бөлмесі бар екі кабинетке айналады.

Жыл басында «Ақтөбе қаласы әкімі аппараты» ММ «Әкімшіліктік-шаруашылық бөлімі» ҚММ-ға әкімдік ғимаратын жөндеу үшін бюджетте 20 млн теңге қаралған болатын. Қалалық мәслихаттың 25 тамызда өткен соңғы сессиясында мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығындарды оңтайландыру аясында бұл қаржы 17 млн теңгеге азайтылды, оның 10 млн теңгесі ағаштарды суаруға, 7 млн теңгесі күзде ағаш отырғызуға қайта бөлінді.
Осыған орай, ғимаратты ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығын —  3 млн теңге.

 www,akimataktobe

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button