ЖастарЭкономика

Жастарға 8,3 пайызбен несие беріледі

Кәсіпкерлік

Облысымыздағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталған «Ақтөбе Жас Старт» бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Бұрын аталған бағдарлама бойынша жеке кәсіп ашу үшін төменгі пайызбен тек ауыл жастары ғана қаражат ала алатын. Қала жастары бизнестің тек басымдық берілген түрлері үшін ғана несие ала алатын еді.
— «Даму» қоры облыстық кәсіпкерлік басқармасының өтініші бойынша бағдарламаға өзгеріс енгізілді. Енді бұл мүмкіндікті қала жастары да еш шектеусіз толық пайдалана алады. 29 жасқа дейінгі ақтөбеліктердің 8,3 пайызбен несие алып, өз кәсібін бастауға мүмкіндіктері бар, — дейді «Даму» қоры филиалының бас менеджері Айнагүл Байдәулетова.
Жастардың жеке кәсіптерін бастау үшін 20 млн теңгеге дейін қаржы ұсынылады. Несие Халық банкі, РБКbank және Центркредит банктері арқылы беріледі. Несие үшін кепілдеме болуы тиіс. Несиеге алатын қаражаттың 15 пайызы көлеміндегі сомасын кепілдеме ретінде қоюға болады, қалған 85 пайызын «Даму» қоры өз мойнына алады.
Толық ақпарат алу үшін «Даму» қорының филиалына келіп, кеңесшілерге жолығуға болады.

 aktobenews.kz

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button