Басты жаңалықтарЭкономика

Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Облыс әкімі халықаралық инвесторлар делегациясымен, атап айтқанда, «GCL (Group) Holding Limited» компаниясының директоры және вице-президенті Ван Мин, Бейжің төмен температура ғылыми-технологиялық компаниясының президенті Гао Джинлин, «Shenneng Environment» компаниясының президенті Тан Синлянмен кездесу өткізді.

Басқосуда өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерімен өңірді дамыту бағытындағы стратегиялық, «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасы аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады. Кездесудің негізгі тақырыптарының қатарында энергетика, экология, креативті индустрия және инновациялық технологиялар салалары болды.
«Біздің өңірге қызығушылық танытып, арнайы сапармен келгендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Еліміздің батыс аймағында ірі өнеркәсіп компанияларының қатысуымен бірқатар индустриялық жобалар тиімді жүзеге асырылуда. Біз креативті индустрия бағытындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз, – деді Асхат Шахаров.

🔘 Кездесу барысында өндіріс саласындағы қауіпсіздік мәселелеріне және өңірдің экологиялық сын-қатерлерімен күресу үшін жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Инвесторлар делегациясы креативті индустрияны дамыту жобаларына қатысуға және жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған стартаптарды қолдауға қызығушылық білдірді. Олар сондай-ақ өндірістік және басқару процестерінің тиімділігін арттыру үшін қолдануға болатын бірқатар технологиялық шешімдерді ұсынды.

Аймақ басшысы инвестициялық жобаны қолдау, инфрақұрылым мәселесін шешу, қолайлы аумақты таңдау бойынша мемлекет және жергілікті билік тарапынан қажетті шаралар қабылданатынын айтты.

Кездесу барысында жобаларды егжей-тегжейлі пысықтау және ынтымақтастықты дамыту бағытында жұмыс тобын құру туралы келісім жасалды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button