Экономика

Бағдарлама аясында мың жарымнан астам ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздар АТФ банкте қайта қаржыландырылды

2015 жылғы сәуір айының ортасында Ипотекалық және ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама қарыз алушылардың борыштық жүктемелерін төмендетуге, Қазақстанның ипотекалық нарығындағы жағдайды оңалтуға және қоғамдағы әлеуметтік қобалжушылықты азайтуға негізделген. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді түрде іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық Банкі Проблемалық кредиттер қорының капиталына 130 млрд. теңге қаржы салу туралы шешім қабылдады, оны Қор әрі қарай қарыздарды қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерде орналастырды.

Аталған бағдарлама бойынша АТФ банкке бөлінген лимит 9,5 млрд теңгені құрады. Осы уақытқа дейін банк бұл қаражатты толығымен дерлік игерді. Іс жүзінде бұл 1563 кредиттің қайта қаржыландырылғандығын білдіреді. Банкке клиенттерден барлығы 2800 өтініш түсті, 13 млрд теңгеден астам сомаға 1 908 өтінім мақұлданып, 1563 қарыз қайта қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша қарыздарды қайта қаржыландырудың арқасында қарыз алушылар пайыздық мөлшерлемені төмендету арқылы ипотекалық тұрғын үй және ипотекалық кредиттерге қызмет көрсетуге қатысты біршама жеңілдіктерге ие болды.

Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері АТФ банк бірден оның белсенді операторларының біріне айналды, қаражатты игеру қарқыны жағынан үнемі көшбасшы болып келді. Банк басшылығының берген бағасы бойынша, бұл –қаржы институтында ерекше мән берілген ішкі процесстердің жөнге дұрыс қойылғандығының нәтижесі. Заңнаманың барлық талаптарының сақталуының арқасында банк өтінімдерді қарастыру процесін барынша жеңілдетті әрі жетілдірді. Банк мамандары әрбір қарыз алушымен жеке жұмыс істеді, өтінім берілген уақыттан бастап қарыздар іс жүзінде қайта қаржыландырылған уақытқа дейін ақпарат беріп, қолдау көрсетіп отырды.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін барлық клиенттерге Банк жазбаша нысанда хабарлама жіберіп, олар мәселені әрі қарай қарастыру мақсатында Банк бөлімшесіне шақырылды. АТФ банк  пошталық хабарламалар жіберу, қоңырау шалу, бару, Банк сайтында ақпарат орналастыруды қоса алғанда клиенттерге ақпарат берудің барлық мүмкін болатын құралдарын пайдаланды. Бұл ретте әрбір клиентке Бағдарламаға қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі ұсынылды.

Бағдарламаны іске асыру барысында Қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарына процесті одан да тиімді ететін бірқатар түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, Бағдарламаға қатысушы банктер мен ҚР Ұлттық Банкінің тығыз қарым-қатынасының арқасында қайта қаржыландыру талаптары жетілдірілді, Бағдарламаға қатыса алатын қарыз алушылардың тізбесі кеңейді, көптеген нақты шешімдер қабылданды.

Қайта қаржыландыру бағдарламасының ұзақ мерзімді бағдарлама екендігін естеріңізге саламыз. Сондықтан өз қарыздарын АТФ банкке бөлінген лимиттің аясында қайта қаржыландырып үлгермеген, бірақ Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін және өтінімдері мақұлданған қарыз алушылар осының алдында қайта қаржыландырылған қарыздардың өтелуі есебінен қаражаттың босатылуына қарай осындай мүмкіндікке ие болады. АТФ банк қайта қаржыландыруды 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жалғастыруды жоспарлап отыр.

Қарыз алушылардың жағдайлары, кредиттерге қызмет көрсету жағынан ұлғайтылған жүктеменің бүгінде аса маңызды мәселе екендігі сөзсіз. Сондықтан процеске қатысушылардың барлығы Бағдарламаны жедел әрі тиімді түрде іске асыруға бар күштерін салуда.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button