Пікір

Жастарға тың серпін берді

Якуб ТАМАЕВ,
«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысындағы өкілдігінің мүшесі, М.Оспанов атындағы БҚМУ резиденті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясына қатысу — мен үшін үлкен мәртебе.
Сессия отырысында ел Президенті елдік мәселелерді көтеріп, күшімізді біріктіру арқылы ғана толағай табысқа, үлкен жетістіктерге жетіп, саясатта да, экономикада да, әлеуметтік салада да түбегейлі өзгерістер жасай алатынымызды баса айтты. Мемлекет басшысы Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде нығайту керектігін жеткізді. Ол үшін Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесі секілді тиімді құрылымдарды дамытқан дұрыс. Ал министрліктер мен әкімдіктер олардың қызметіне қолдау көрсетіп, арнайы гранттар бөлсе, нұр үстіне нұр бола түседі. Бұл бағыттағы жұмыстарға жастарды да тарту туралы тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея құрылымдары мен этномәдени бірлестік басшыларының бір орынбасарын жастардан тағайындауды ұсынып, орталық және жергілікті органдар Ассамблеяның жастарға, әсіресе волонтерлерге қатысты жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуі керектігін нықтап міндеттеді. Ел Президентінің үлкен істе жастарға жауапкершілік жүктегені бізді, жастарды, қатты қуантты. Расында, қазіргі жастарда тың идеялар мен креативті бастамалар көп. Сол себепті жас буын Ассамблея қызметіне тың серпін берері анық.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button