Жаңалықтар

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өтіп жатыр

Бүгін, 25 сәуір сағат 16:00-18:00 аралығында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда (Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы – 90/Б мекен-жайында) Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы басшылар мен күзет қызметкерлерінің терроризм қаупіне тосқауыл қою әрекетінің әзірлігін тексеру бойынша оқу іс-шараларын өткізіп жатыр. Оның ішінде персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау процедурасының тиімділігі тексеріледі.

«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын, мүдделі мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз»,- деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы жедел штабы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button