Бірлік пен ынтымақ — ескірмейтін құндылық
Исмағамбетова Дариға Ғизатқызы,
“Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы” ММ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында әуелі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек беруде белсенділік танытқан барша қазақстандыққа алғыс айтылып, тасқын судан зиян шеккендердің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстардың атқарылып жатқаны мәлімделді. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде қызмет етіп, халық игілігі үшін өз үлестерін қосып жүрген жастардың да еңбегін ерекше айтты.
Президентіміз Ассамблеяның ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым екендігіне жалпыұлттық бірлік жолында жасап жатқан ауқымды жұмыстарына тоқталды. Жалпыұлттық тұтастықты нығайту бағытында маңызды рөл атқарып отырған мұндай институттың қоғамда алар орны ерекше. Елімізде этносаралық келісімді қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.