Пікір

Мемлекеттік тіл бірлікті нығайтады

Алтай ТАЙЖАНОВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік, Жасампаздық, Өрлеу» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 33-ші сессиясында алдымен
елдегі жалпы жағдайға, оның ішінде су тасқынына байланысты жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Су тасқынынан зардап шеккен әрбір отбасы назардан тыс қалмайтынын, олардың басына түскен нәубетті сейілту ел Президенті ретінде өзінің тікелей міндеті және парызы екендігін атап өтіп, бұл мәселені шешуге мемлекеттік құрылымдардың барлығы дерлік атсалысатынын айтты. Президентіміз осы мәселелерді шешудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне де тоқталды. Ол өз сөзінде: «Ассамблея — жасанды ұйым емес, оның Конституциялық құқығы, белгілі бір ұстанымы бар қоғамдық құрылым», — деді.
Сонымен қатар Президент біздің қоғамымызға да, қоғамдық құрылымымыздың бір бөлігі — Ассамблея жұмысына да жүйелі реформа қажет екендігін айтты. Осыған байланысты Ассамблея жұмысынның бағытын жаңа идеологияға, жаңа доктринаға сәйкес өзгерту қажеттігін атап өтті. Бұл өзгеріс барысында тәуелсіздік және патриотизм, бірлік және жасампаздық, әділеттілік және жауапкершілік, Заң және тәртіп, еңбекқорлық және іскерлік, жасампаздық пен жаңашылдық сияқты ұстанымдарға үстемдік берілуі қажет.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастар бойында жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттілігін де сөз етті. Бүгінгі біздің жастарымыздың көзқарасы өзгермейтін догмаларға, жалған керексіз ақпараттарға, діни уағыздарға негізделмеуі, ылықпаулары керек. Сондықтан алдағы уақытта оқу-тәрбие жұмыстарының кейбір бағыттарын басқаша қарастыруға тиіспіз. Онда өзара теңдік, еркіндік, әсіресе білімнің үстемдігі басым болғаны жөн. Жастардың дәстүрге, мемлекеттік тілді игеруге деген құлшынысын арттырымыз керек.
Бүгінгі Қазақстан үшін қоғамішілік бірлік, жасампаздық, өрлеу керек. Оған қол жеткізу үшін біз болашақта әділетті Қазақстан идеясын әрі қарай жалғастыратын боламыз. Қоғам бірлігінің саяси-экономикалық заңды негіздері бізде бар, бұлардан басқа қоғамның бірлігі үшін аса қажет әлеуметтік мәселе — мемлекеттік тілді игеру. Мемлекеттік тіл жоғарыда аталғандармен бірге қоғам арасындағы, жеке этностар арасындағы бірлікті нығайта түседі. Сондықтан мемлекеттік тілді, басқа да тілдерді игеру жасампаздық пен даму жолына түсетін әрбір мемлекет үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де аса қажет. Қоғам дамуының негізгі тетіктерін жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі зор.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button