Білім

Оқушылар өлең оқыды

Атаулы күн

 23 сәуір — Халықаралық кітап күніне орай Ақтөбе қаласындағы Қуандық Шаңғытбаев пен Тахауи Ахтановтың ескерткішінің жанында бір топ оқушы жерлес ақындардың өлеңін оқыды.

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі және Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты — ақтөбелік қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа сөз өнерінің мәнін ұғындыру. Ашық аспан астында өткізілген мәнерлеп оқу барысында жиналғандарға Нұрпейіс Байғанин, Қуандық Шаңғытбаев, Мұхтар Құрманалин, Сағи Жиенбаев, Есенбай Дүйсенбаев, Ертай Ашықбаевтардың өлеңдері оқылды. Өз кезегінде олардың жырларын нәшіне келтіріп оқуға М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары таңдап алынған.

— Мұнда, сондай-ақ, Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Және жерлес ақындардың кітаптарынан тұратын көрме ұсындық. Келушілердің қызығушылығы ерекше болды, — дейді Ақтөбе қалалық №4 М.Горький атындағы кітапхана меңгерушісі Гүлнар Салиева.

Айта кетейік, жас ақтөбеліктер шаһардағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта, А.Пушкин атындағы саябақта, бірнеше ескерткіштердің алдында да осылай өз өнерлерін паш етті.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Суретті түсірген автор.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button