Білім

Тәлімгерлік озық тәжірибеден туындайды

Мектеп

Халқымыздың рухани-мәдени қайта өрлеу кезеңінде жас ұрпаққа терең де жүйелі білім беруде, қоғам талабына сай толыққанды азамат етіп тәрбиелеуде олармен қарым-қатынас мәдениетінің маңызы артып отыр. Аталған мақсатқа жетуде мұғалімдердің алдымен өзіне сын көзбен қарап, кәсіби біліктілікті көтеруге баса мән беруі керек.

Осы орайдажоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бітіре салажұмысқа қабылданып,еңбек жолын енді бастаған жас мамандарға мекеме басшысының  тәлімгер бекітуі — жауапкершілігі мол және нәтижесі зор іс. Өйткені бүгінгі таңда мемлекетіміз үшін кәсіби деңгейі жоғары мамандар даярлап шығару қандай өзекті мәселе болса,жас мамандарға қолдау көрсету де сонымен пара-пар көкейтесті мәселе болып отыр.Тәлім алушы өз тәлімгерінен білім стандарттарында айқындалған психологиялық,педагогикалық,ғылыми бағыттар бойынша құзыреттілігін қалыптастыра алады.Тәлімгерлік озық тәжірибеден туындайды.

Тәлімгердің міндеті — жас маманға өз жұмысына баға беруге баулу, оның дамуына көмектесу.

2023-2024 оқу жылдарында мектеп-гимназиямызға   қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, көркем еңбек пәндері және бастауыш сынып мұғалімі мамандықтары бойынша  қабылданған жас мамандарға педагог-зерттеуші, тәжірибелі, шығармашыл ұстаздардан тәлімгерлер бекітілді. Жыл бойы олар нақты жоспар аясында жүйелі жұмыс жасады.Нәтижесінде кәсіби диалог қорытындысы көңілге қонымды болды. Яғни  жас мамандарымыз тарапынан кәсіби жетілу мен теориялық үйрену нақты байқалды. Қысқасы, жүйелі жолға қойылған тәлімгерлік жұмыстан ұтарымыз көп.

Дина МҰХАНБЕДИЯРОВА,

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button