ДенсаулықӘлеумет

Аутизмді бірге жеңеміз!

Семинарға келіңіз

 Сәуірдің 27-29-ында Ақтөбеде аутизм дертіне шалдыққан балаларды қолдау мақсатында семинар өтеді.

Израиль әлем бойынша медицинасы дамыған он елдің қатарына кіреді.

Сол себепті, аталған елдің елшілігімен келіссөздер жүргізіп, меншік нысанына қарамастан  медицина мекемелерінің қызметкерлеріне (логопед, психолог, невропатологтар) арналған семинар өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова.

Семинардың екінші, үшінші күндері аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарына арнайы кеңестер беріледі.

Аутизм — ми қызметінің бұзылуы салдарынан туатын ауру. Ауру ерте бастан анықталса, нәтижелі болады. Өкінішке қарай, аутизмді дер уақытында анықтауда дәрігерлердің біліктілігі, білім деңгейі төмен. Аутизмге шалдыққан балалармен ата-аналар жұмыс істеудің әдіс-тәсілін білмейді. Мұның бәрі семинарда жан-жақты түсіндірілетін болады,— дейді Анар Даржанова.

2 сәуір —  Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні.

Дегенмен, бұл күні Ақтөбеде ел-жұртты елең еткізерліктей шаралар ұйымдастырылған жоқ. Бұл ауруға қоғамның назарын аударуымыз қажет, — дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Семинарға қатысу үшін қалалық кәсіпкерлік бөліміне хабарласу керек.

Өтінішті аталған бөлімнің электрондық мекенжайына да жіберуге болады.

Е-mail: saudaorg@mail.ru

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button