Экономика

Он бір айдың көрсеткіштері осындай

Статистика

Облысымыздың қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Ақшалай табыс

2015 жылғы II тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 61 969 теңгені құрады.
Өсім 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 2,5 пайызға, нақты ақшалай табыстар үшін 1,4 пайызға төмендеген.

Жұмыспен қамту

Биылғы жылғы қарашаның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,5 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызы.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызын құрады.

Тұтыну бағалары

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 111,2 пайыз құрады.
Бағалар азық-түлік тауарларына — 9,1 пайызға, азық-түлік емес тауарларға — 18,5 пайызға, ақылы қызметтерге — 6,6 пайызға артты.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендеді.

Инвестиция

Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 286,8 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға аз.

Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2015 жылғы 1 желтоқсанға 14 408 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4 пайызға артты.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 9025 немесе тіркелгендер санына қатысты 62,6 пайызды құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санының 97,6 пайызын және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,1 пайыз құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 11 710 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,9 пайызға артты.

Сауда

2015 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 368 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,6 пайызға өсті.
Биылғы жылғы қаңтар-қарашада көтерме сауда көлемі 531,4 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 1,8 пайызға артты.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 9 605,9 миллион теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 2,3 пайызға азайды.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазанда облыс бойынша өзара сауда бойынша тауар айналымы 745,8 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 30,8 пайызға аз, оның ішінде экспорт — 300,7 миллион АҚШ долларын (24,2 пайызға аз), импорт — 445,1 миллион АҚШ долларын (34,6 пайызға аз) құрады.

Өнеркәсіп

2015 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 878,9 миллиард теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,1 пайызға кем.
Өңдеу өнеркәсібі — 1,6 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 4,9 пайызға артты; ал кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 6,3 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауға қатысты 12,7 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 128,4 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 1,7 пайызға көбейді.

Жүк айналымы

2015 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының көлемі 5 480,5 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өсті.
Жолаушылар айналымының көлемі 12 767,4 миллион жүк-километр құрап, 1,7 пайызға артты.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button