Басты жаңалықтарМереке

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр—Қазақстанхалқыбірлігімерекесіменқұттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында «Тарих тоғыстырған тағдырымыз — бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз — бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз — Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз — айқын, бұл — Әділетті Қазақстанды құру»деген еді.

Бұл мамырдағы мамыражай мереке — Тәуелсіз еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының, келісім мен патриотизмнің символы.

Ақтөбе облысы әрқашан қонақжайлық пен толеранттылыққа берік.  Түрлі этнос өкілдерінің басын бір шаңырақ астына тоғыстырған өңірімізде ортақ құндылықтар мен жасампаздыққа деген ұмтылысты сақтаймыз. Ақтөбеліктердің арасында өзара сенім бар, бір-біріне құрмет көрсету дәстүрі қалыптасқан. Рухани бірлік бізге, қандай қиындық болса, оны жеңуге жәрдемдеседі. Бұлэкономикалық және әлеуметтік мәселелерімізді табысты шешуге мүмкіндік береді, саяси дамуымызға кепіл.

Құрметті ақтөбеліктер!

Біздің әрқайсысымыз туған өлкеміздің көркеюіне сөзбен ғана емес, іспен де үлес қосуымыз керек. Бұл — әркімнің азаматтық парызы.

Баршаңызға бейбітшілік, бақ-береке мен зор денсаулық тілеймін. Кең-байтақ жерімізде лайым жақсылықтар, келісім мен бірлік бола берсін, әр шаңыраққа амандық тілеймін!

Асхат ШАХАРОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button