Спорт

Футбол федерациясының штаб-пәтері ақтөбеде орналасады

Футбол

Бұл туралы кеше облыс әкімдігінде өткен жиында Қазақстан футбол федерациясыныңпрезидентіӘділетБәрменқұловмәлімдеді.

Ақтөбеге арнайы іссапармен келген федерация президенті өңірдегі футболға қатысты барлық мекеме қызметкерлерімен,ANTEQ ұйымының мүшелері, жаттықтырушылар және футбол ардагерлерімен кездесті.

Жиында алдымен сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуов өңіріміз әлемге футболмен танылып жатқанын, алдағы уақытта осы саладағы жергілікті менеджментті одан әрі дамытуда жан-жақты жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

БасқосудаӘділет Бәрменқұлов Қазақстан футболының даму стратегиясын таныстырып, шаһарымызда Қазақстан футбол федерациясыныңштаб-пәтері орналасатынын жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта Ақтөбе отандық кадрларды дайындаудың озық өлкесіне айналатынын атап өтті.

Кездесу барысында Ғалымжан Елеуов келген қонаққа алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Облыстық футбол федерациясының директоры Асхат Қалжанов  федерация жас буынды спортқа баулып, тәрбиелеуде жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін айтады. Алдағы уақытта бұл бағытта облыста бюджеттен тыс қаржыландырудың нәтижесінде қарқынды жұмыстар жүргізілмек.

— Бүгінде біздің өңірімізде Ақтөбе футбол клубы, облыстық спорт мектептері мен жеке мектептерде футболшыларымыз жетерлік. Ендігі мақсат — футбол саласындағы жүйені біріздендіру керек, менеджмент жұмысын дамытуға күш салуымыз қажет, — дейді ол.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button