Жаңалықтар

10 мың шыбық егілді

Таза Қазақстан

Сенбі күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында облыста жаппай ағаш отырғызу шарасы өтті.

21-27 сәуіраралығында өткен «Жасылаймақ» апталығы аясында өңірімізде 10 мың ағаш көшеті егілді. Облыс әкімі Асхат Шахаров акция аясында көпшілікпен «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік орталығы айналасына ағаш көшеттерін екті.

Мұнда 25 шыршаны осы ауданның тұрғындары, сондай-ақ «Ерен-групп», «Nomad City», «Нектар», «Build Company» сияқты құрылыс компаниялары отырғызды.

Бұл күні Алтын Орда шағын ауданының М.Шоқай және Х.Досмұхамедұлы көшелерінде (Тәуелсіздік даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейін) облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің қызметкерлері 650 шаған ағашының көшетін ексе, аумақтық департамент мамандары Триатлон саябағына 20 шырша отырғызды. Бұдан бөлек Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа 100 шаған ағашы егілді. Оларды саябақты жалға алушы кәсіпкерлер отырғызды.

Сондай-ақ акция барысында тұрғындар, депутаттар, түрлі жастар ұйымдарының мүшелері, кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары 2000 шырша, күл ағашын егіп, туған өлкені көгалдандыруға өз үлесін қосты.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button