Экономика

Толыққанды тоғыз ай

Статистика

Облысымыздың 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Ақшалай табыс

2015 жылғы II тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 61969 теңгені құрады.
Өсім 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 2,5 пайызға, нақты ақшалай табыстар үшін 1,4 пайызға төмендеген.

Жұмыс

Үстіміздегі жылғы қыркүйектің аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,2 мың адамды құрады, бұл экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызы.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құрады.

Тұтыну

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы қыркүйекте 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,3 пайыз құрады.
Азық-түлік тауарларға бағалар — 1,3 пайызға, азық-түлік емес тауарларға — 2,7 пайызға, халыққа арналған ақылы қызметтерге 3 пайызға өсті.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2015 жылғы қыркүйекте 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 16,7 пайызға төмендеді.

Инвестиция

Биылғы жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 203,9 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 37,6 пайызға аз.

Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2015 жылғы 1 қазанға 14 285 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,5 пайызға артты.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8793 болды немесе тіркелгендер санына қатысты 61,6 пайыз құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 97,5 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96 пайыз құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 11 583 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,3 пайызға артты.

Сауда

Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 301,8 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,6 пайызға өсті.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 399,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1 пайызға азайды.
2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 7583,5 миллион теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,3 пайызға азайды.
Биылғы жылғы қаңтар-тамызда облыс тағы өзара сауда бойынша тауар айналымы 588,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 30,8 пайызға аз, оның ішінде экспорт — 231,7 млн. АҚШ долларын (28,5 пайыз аз), импорт 356,7 миллион АҚШ долларын құрады (32,1 пайыз аз).

Өнеркәсіп

Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 693,4 миллиард теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,6 пайызға төмен.
Өндіріс көлемі өңдеу өнеркәсібінде — 3,4 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 7,1 пайызға артты; ал кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда — 4,9 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау — 2,1 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 101,1 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,1 пайызға көбейді.

Жүк айналымы

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 4337,6 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті.
Жолаушылар айналымының көлемі 10 355,2 миллион жүк-километр құрап, 2,3 пайызға артты.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button