Жаңалықтар

Жастар көпір салды

Ембі-Бұлақ бағыты жол бойындағы осыдан жиырма жыл бұрын бұзылған көпір жөнделді.
Игілікті істі Ембі қаласының азаматтары ауызбіршілікпен атқарды. Жоба құны
9 миллион теңгеге бағаланған көпір бір ай көлемінде салынып бітті. Көпір құрылысын салуға «Нути», «Мәлік», «Техник», «Юбилейный», «Айналайын»,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ембі-жылу» кәсіпорны, сондай-ақ, орта мектептер мен өзге де білім беру ұйымдары мекеме ұжымдары көмек көрсетті. Кәсіпкерлер Ә.Сарбасов, Б.Сәлібеков, Х.Мусаевтардың да еңбегі ерекше.
Сондай-ақ, көпір салу ісінде «Жасыл ел» еңбекшіл жастар жасағының жиырмаға тарта мүшесі белсенділік танытты. Енді қыс, көктем мезгілдерінде аталған көпір арқылы Бұлақ, Құмсай, Жамбыл, Миялыкөл ауылдарының тұрғындары екі аралыққа кідіріссіз қатынайтын болады. Аудандағы 25 шаруа қожалықтың жұмысы осы көпірмен тікелей байланысты. Бұрын бұзылған көпірдің салдарынан шаруаларға қатынас мәселесінде қиындықтар туындайтын. Ембіге кіреберіс тұстағы бұзылған көпір шаруа көліктерін екі-үш сағат бөгелтетін. Енді бұл мәселенің бәрі артта қалды. Шаруалардың да, ауыл тұрғындарының да қуанышында шек жоқ.
Аманбай ҚОНАҚБАЕВ,
Ембі қаласы,
Муғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button