Спорт

Төртінші күн — төртінші орын

Азиада

 

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жарыстың төртінші күні төртінші орында келеді.

Кешеге дейін жағажай волейболында ерлер командасы топтық кезеңді жеңіспен аяқтады. Әзірге баскетболдан ерлер мен әйелдер командасы және су добы шеберлері ірі жеңістерге жетіп келеді.
Командалық жарыста теннисшілеріміз финалға шықты, ал теннисші қыздарымыз қолаға қол жеткізді.

Сондай-ақ, шага, семсер шеберлері мен синхронды жүзушілер де қола медаль алды.
200 метрге браспен жүзуде Дмитрий Баландин алтын медальдың иегері атанды, ал 502 метрге шалқалай жүзуде Екатерина Руденко күміс жүлде санын толықтырды.

У-шу шебері Ришат Ливеншо (65 келі) финалға шықты, ал Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (75 келі) жарысты үшінші орынмен аяқтады.

23 қыркүйекке мәлімет
Алтын медаль (4):
Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), трап бойынша әйелдер құрамасы (стенд ату), Дмитрий Баландин (жүзу);
Күміс медаль (4): Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко (жүзу);
Қола медаль (10): Александра және Екатерина Немич, әйелдер құрамасы (синхронды жүзу), Андрей Могилевский (стенд ату), Ленария Мингазова, Азамат Мұқанов, Мариян Ордабаева (дзюдо), саблядан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (фехтование), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу).

Б.КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button