Білім

Бір сыныптан — он екі үздік

Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің 1 «б» сыныбын бітірген жиырма төрт оқушының он екісі үздік, сегізі екпінді болып, ерекше көзге түсті. Олардың ұстазы Атлас Ғазизова — Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледждің, Батыс Қазақстан педагогикалық университетінің түлегі.

Білім жолындағы алғашқы қадамдарын сәтті бастаған Мерей Болатбай, Нұртілеу Аманғосов, Айдын Аманшеев, Еркемай Әбдіжәми, Бекет Бақтияров, Нұргүл Нұрланқызы, Нұрасыл Жұмағұл, Жанерке Жоламанова, Феруза Оразова, Анар Нұрпейісова, Нұрболсын Ярлыкашинов, Сардар Қондыбай — он екі үздік алғашқы марапаттауларын алып, ата-аналарын мақтанышқа бөледі.

Соңғы қоңырау кезіндегі салтанатты жиында мектеп директоры Дәмелі Қартпағамбетова шәкірттердің еңбегін жоғары бағалап, оларға жазғы каникулды жақсы өткізулеріне тілектестік білдірді.

 

Баян ҚОШАНОВА,

ата-аналар комитетінің төрайымы.

Ақтөбе қаласы.

Суретте: ұстаз Атлас Қамбарова.     

                                                                                                                           

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button