Спорт

Алтынның алғашқы сыңғыры

Премьер-лига

5-6 қазан күндері өткен кезекті турда жеңіске жеткен «Ақтөбенің» жанкүйерлері алтын медальдің сыңғырын естігендей болды. Өйткені өз алаңында 1:0 есебімен ұтып жатып, 84, 87-минуттарда қақпасына қатарынан екі гол кіргізіп алған «Астана» басты бәсекелесінен, біздің «Ақтөбеден» 6 ұпайға кейін қалды.

Ал үшінші орын үшін тартыста үш команда иық тіресіп тұр.

Енді ретімен баяндайық.

29-турда «Ақтөбе» өз алаңында «Ертісті» қабылдады.

Апта бойы жаңбырлатқан ауа райынан ерқашты болған жанкүйерлерді алғашқы гол тіпті жабырқатып жібергендей болды. Қонақтардың қақпасына қауіп төндіруге тиіс бұрыштама допты ақтөбеліктер сәтті пайдаланудың орнына уыстан шығарып алды да, бұл қателікті павлодарлықтар дереу қарсы шабуылға айналдырып жіберді. Сөйтіп 17-минутта жойқын соққы жасаған Дмитрий Шомко біздің қақпашыны қапы қалдырды — 0:1. Дегенмен бұған дейін де, бұдан кейін де тынымсыз атой салған біздің футболшыларымыз суық стадионды жылытып жіберді. Сергей Давыдов бірінші таймға қосылған бір минутты тиімді пайдаланып, есепті теңестірсе (1:1), екінші тайм басталған алғашқы минуттардың бірінде Роберт Арзуманян бұрыштамадан келген допты шірене теуіп, қақпа сызығынан әрі асырып жіберді (2:1). Ал 71-миинутта Марат Хайруллин бұрыштамадан тастаған доп Юрий Логвиненкодан соң қарсыластардың жартылай қорғаушысы Альмир Мухутдиновтің аяғына тиіп, Вячеслав Котляр қорғаған қақпаға зып етіп кіріп кетті (3:1).

Ақтөбеліктердің талассыз жеңісін ойынның 65 пайызында допқа иелік етуімен де, қарсыластар қақпасына тура 10 соққы («Ертіс»-3 соққы) жолдап, 7 рет бұрыштама доп («Ертіс-2 рет) орындағанымен де дәлелдеуге болады.

Ал «Астананы» жеңген «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Алексей Еременко тап осы кезде «Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында «Енді, бәлкім, «Ақтөбені» чемпиондығымен құттықтауға да болатын шығар» деп жатты.

«Ақтөбе»-«Ертіс» — 3:1
Гол авторлары: Дмитрий Шомко, 17-минут (0:1); Сергей Давыдов, 45-минут (1:1); Роберт Арзуманян, 47-минут (2:1); Альмир Мухутдинов, автогол, 71-минут (3:1).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Андрей Сидельников, Петр Бадло, Андрей Харабара, Алексей Мулдаров, Роберт Арзуманян, Юрий Логвиненко, Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Александр Гейнрих (Марат Бикмаев, 89-минут), Дяденко (Абат Айымбетов, 83-минут), Сергей Давыдов (Асхат Тағыберген, 85-минут).

Бұл екі команда Премьер-лига ойындарында осымен 46 рет кездесті. 20 рет «Ертіс» жеңіп, «Ақтөбе» 18 рет басым түсті, 8 ойын тең есептермен аяқталды. «Ертіс» қақпасына ең көп голды Марат Хайруллин соқты — 6 доп.  

*    *    *

Басқа кездесулер:

«Астана»-«Қайрат» — 1:2

Гол авторлары: Патрик Твумаси, 45-минут (1:0); Виталий Ли, 84-минут (1:1); Йосип Кнежевич, 87-минут (1:2).

«Шахтер»-«Ордабасы» — 3:0

Гол авторлары: Алдин Джидич, 38-минут (1:0);  Игорь Зенкович, 58-минут (2:0); Михаил Габышев, 79–минут (3:0).

«Тобыл»-«Восток» — 2:1

Гол авторлары: Раданфах Әбу Бәкір, 34-минут (0:1);  Александр Шкот, 71-минут (1:1); Александр Красич, 75-минут (2:1).
«Ақжайық»-«Тараз» — 2:1

Гол авторлары: Константин Зотов, 28-минут (1:0);Недо Туркович, 35-минут (2:0); Константин Заречный, 88-минут (2:1).

«Жетісу»-«Атырау» — 0:0

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

1-6 ОРЫНДАР

 

Командалар           О         Ұ          Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Ақтөбе      29       20       5          5          40-19  39 

2 Астана      29       16       5          8          48-34  33

3 Ертіс          29       11       8          10       38-32  27

4 Шахтер       29       12       7          10       41-35  26

5 Қайрат        29       10       11       8          39-35  26

6 Ордабасы29       10       6          13       28-34  21

 

О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

 

*   *   *

7-12 орындар үшін сайыста «Тобыл» 32 ұпаймен алда келеді.

Одан кейін орналасқандардың ұпайлар саны төмендегідей: «Атырау» — 22, «Восток» — 18, «Тараз» бен «Жетісудың» жағдайлары бірдей  — 17 ұпай. Соңғы орында бұрынғысынша «Ақжайық» тұр — 15 ұпай.

 

*   *   *

Сұрмергендер:

Игорь Зенькович («Ақжайық»-9, «Шахтер»-5) — 14 доп;

Игорь Бугаев («Тобыл») — 13;

Эдин Юнузович («Жетісу»-4, «Ордабасы»-8)  — 12;

Момоду Сиссей («Қайрат») — 12.

 

*   *   *

«Ақтөбе» мергендері:

Александр Гейнрих (шабуылшы) — 6 доп;

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 6;

Роберт Примус (қорғаушы) — 4;

Тимур Кападзе (жартылай қорғаушы) — 4;

Юрий Логвиненко (қорғаушы) — 3;

Сергей Гридин (шабуылшы) — 3;

Петр Бадло (қорғаушы) — 3;

Андрей Харабара (жартылай қорғаушы) — 2;

Дмитрий Мирошниченко (қорғаушы) — 2;

Сергей Давыдов (шабуылшы) — 2;

Роберт Арзуманян (қорғаушы) — 2;

Антон Землянухин (жартылай қорғаушы) — 1;

Сергей Ковальчук (жартылай қорғаушы) — 1.

 

*   *   *

Екі апталық үзілістен соң, 19 қазан күні, сенбіде «Ақтөбе» өз алаңында «Шахтер» командасын қабылдайды.

Қарағандылықтарды бұған дейінгі үш кездесуде де жеңгенбіз (3:1; 2:1; 1:0). Гол авторлары: Александр Гейнрих — 4 доп; Марат Хайруллин, Сергей Гридин.

Қалған кездесулер:

«Ертіс» — «Астана»

«Қайрат» — «Ордабасы»

«Ақжайық» — «Жетісу»

«Тараз» — «Тобыл»

«Восток» — «Атырау»

 

Әлем чемпионаты — 2014

Сырт алаңда сыналамыз

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарында 11 қазан күні Фарер аралдары, ал 15 қазанда Ирландия командаларымен кездесіп, бұл додаға біржола нүкте қояды.

Бас бапкер Мирослав Беранек сырт алаңдарда өтетін екі кездесуге төмендегі футболшыларды іріктеп алыпты.
Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Самат Отарбаев («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Елдос Ахметов («Астана»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман («Қайрат»), Александр Кислицын («Қайрат»), Константин Энгель («Энерги», Коттбус, Германия).
Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл» Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Генрих Шмидтгаль («Фортуна», Дюссельдорф, Германия), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Павел Шабалин («Ертіс»), Игорь Юрин («Ертіс»), Андрей Карпович («Ордабасы»), Анатолий Богданов («Тобыл»).
Шабуылшылар: Андрей Финонченко («Шахтер»), Сергей Хижниченко («Шахтер»),  Алексей Щеткин («Атырау»).
Осылайша негізгі құрамға «Ақтөбенің» үш ойыншысы шақырылыпты.
Қосалқы құрам:
Қақпашылар: Антон Цирин («Жетісу»), қорғаушылар: Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»), Захар Коробов («Жетісу»), жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Остапенко («Астана»).
«С» тобының сегіз кездесуден кейінгі ұпайлар саны төмендегідей:
Германия — 22; Швеция — 17; Австрия — 14; Ирландия — 11; Қазақстан — 4; Фарер аралдары — 0.
Қазақстанның қатысуынсыз болатын басқа кездесулер:
11 қазан. Германия-Ирландия; Швеция-Австрия.
15 қазан. Швеция-Германия; Фарер аралдары-Австрия.

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button