Басты жаңалықтар

Жылқы — малдың төресі

Айгүл ДҮЙСЕНОВА,

облыстық мәслихат депутаты

Сіздерді Жаңа — 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл — бізді ізгілік пен жақсылыққа риясыз сендіретін ерекше мереке.

Өтіп бара жатқан 2025 жыл өзінің тарихи оқиғаларымен, жаңа жүздесулерімен, ұмытылмас сәттерімен есте қалды. Табалдырығымыздан аттаған Жылқы жылы бұрынғыдан да жемісті және нәтижелі болатынына, ал елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар халықтың әл-ауқатын көтеретіндігіне сенімдімін. Жылқы жылында облыстың экономикалық әлеуетін одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырып жұмыс істейік!

Жаңа жыл мерекесі барша шаңыраққа бейбітшілік пен келісім, молшылық пен игілік, қуаныш әкелсін!

Жасы сексеннің алтауына келген көнекөз қария Ағыбай Бердімұратов жасында мал дәрігері болып еңбек еткен. 1957 жылы Жабасақ орта мектебін үздік бітірген ол екі жыл совхозда жұмыс істеп, Ауыл шаруашылығы зооветеринарлық институтының ветеринария бөлімінде оқыған. Оқуын үздік бітірген жас маман екі студенттің бірі болып құзырлы министрліктің микробиология саласы бойынша аспирантураға қабылданғанымен, әкесінің науқастануына байланысты оқуын тастап, елге қайтуға мәжбүр болады. Сол кездегі Комсомол ауданының «Псковский» совхозында — 12 жыл, Қарабұтақ ауданында 6 жыл ветеринар болып жұмыс істеген. Зайыбы екеуі балаларының барлығына саналы тәрбие, жоғары білім беріп, өз жолына салған. «Кітап оқуды жақсы көрдім, білгенімді қағазға түсірдім. Әкеміз Бекназар жырау, сазгер адам болды. Балқы Базар жыраудың ұрпағымыз. Өзім де жазу-сызуға құмар болдым, ақындар айтысына қатыстым, кейін қызмет бабында жүргендіктен, оны біржола қойдым», — дейді кейіпкеріміз.

2026 жыл қазақтың мүшел есебінде Жылқы жылы деп аталады. Қамбар ата түлігін қастерлеген халқымыз үшінжылқымалыжеті қазынаның бірі саналады. Содан болар,қазақ Жылқы «меншігіне» алған жылдан жақсылық күтеді, құт-берекеге, жақсылыққа толы жыл болады деп сенеді.

Ескі жылды артқа тастап, есігін ашқалы тұрған жаңа жылдың қарсаңында жылқы малы туралы бүге-шігесіне дейін білетін Ағыбай ақсақалдан мол ақпар алып едік…  

Ердің серігі

Жылқы — қоңыржай белдеуден субарктикалық ендіктерге дейінгі ареалда тіршілік етіп, табиғи ортаға жақсы бейімделген жануар. Жылқының анатомиясы, физиологиясы және басқа да биологиялық ерекшеліктері жөнінде көптеген ғалым зерттеу жүргізген.

Түркі тектес халықтар, оның ішінде қазақ халқы да жылқысыз өмір сүрмеген. Ата-бабамыздыңөмірі ат үстінде өтті десек, артық емес. Қытайлар, Еуропа ғалымдары түркілерді «киіз үйде туады, аттың үстінде өмір сүреді, тамағын да, ұйқысын да аттың үстінде өткізген» халық ретінде сипаттайды.

Ұл бала тәй-тәй басқаннан бастап, ата-анасы оған арнап құлынға ен салып белгілейді. Оны «бәсіре» мал дейді, себебі бірі адамның, бірі малдың төлі — екеуі бірге өсіп, бәсі теңеседі делінген. Бала құлынға күтім жасап, жетелеп-мініп өсіреді. Уақыт өте келе екеуі бір-біріне әбден бауыр басып, бірін-бірі қас-қабағынан-ақ түсінетін болады.Қазақ жыршыларының батырларды аттарымен біртұтас кейіпкер ретінде суреттеуінің негізі осында жатыр. Мысалы, «Үстіңгі ерні қыбырлап, астыңғы ерні жыбырлап» деп Тайбурылдың сөйлегендей етіп бейнеленуі — адам мен аттың арасындағы ерекше рухани байланыстың көрінісі. Егер жақсы құлын, тай немесе құнан табылмаған жағдайда, оны нағашы жұрты сыйлаған. Ақан серіге атақты «Құлагерді» нағашысы сыйлағаны туралы деректер ел ішінде белгілі.

Жылқы малының ең ерекше қасиеті — оның талғампаздығы, тазалығы. Басқа мал ашық судан, лай өзеннен сіміріп су ішіп жатқанда, жылқы лай суды кесіп өтіп,  тұнығынан немесе таза жерінен ішеді. Құдықтан қолмен тартылған шелекпен суарған кезде жылқы тазармаған, иісі бар ыдыстан су ішпейді. Бұл жөнінде өмірде кездескен нақты бір мысалды айтқым келіп отыр. Мұндай дәлел әңгімені ешқандай тарихи деректерден де, жазба еңбектерден де кездестірген емеспін:

Ырғыз өңірінде белгілі Романовтар династиясының 300 жылдық тойына қатысқан Самұраттың әкесі Алматқаелге белгілі Шаңбаймырза деген кісінің немере інісі Ержан палуан келеді. Оның жалғыз баласыСырдан өтерде суға кетіп қайтыс болған екен, Ержан атасының замандасы Алматқа келіп: «Аға, көңілімді басайын, ел аралап, тойға, асқа қосайын», — деп атақты жүйрігі Торысын сұраса, олсылтау айтып бермей жіберген. Мұндайда алған бәйгесін ат иесіне әкеп беретін болған.

Атасы налып келген немересі Ержанға: «Әй, балам, менің ағалығымды сыйлап берер деп едім, болмады», — депті.

Кейін Ержан атамыз Нұрата жақты аралап, ауыл арасындағы ұсақ тойларда бәйгенің алдын бермей жүрген қара көк дөненді алып келеді. Келесі жылы Алмат ауылының асынабарғанда сол көк дөнені бәйгеден бірінші болып мәреге жетеді.

Қуанғаннан атамыз халық жиылған төбені айнала шауып: «Әй, Алмат, бәйгеден аты келген құдай болса, мен құдаймын, мен құдаймын!» — деп айғайға салыпты деседі. Сонда Алмат жәрдемшілеріне: «Оны бәйгесін беріп, ауылына қайтарыңдар!» — деп бұйырыпты.

Жылқы малының тағы бір қасиеті — енесінен түсі көк, қара көк болып туса, жасай келе бурылға, қартая келе тарланға — қызғылт рең қосылып бозарады. Уақыт өте келе бұл ат «Шаңбурыл» атанып, 17 жыл бойы бәйгеге шауып, атағы алысқа тарайды. Ақыры 24 жасында өліп, бассүйегі Шаңбай атамыздың басына іш жақта (Сырдың арғы бетінде) ілінген екен.

Бірде Ержан атамыз Шаңбурылмен Қармақшы жаққа жол тартқан кезде бір ауылға демалмақ болып, атын суаруға тоқтайды. Бірақ ат астаудағы суды ішпейді. Күн ыстық болғандықтан, Ержан атына мініп, жолын жалғастырады.  Ауыл ағасы бай мұның бәрін іргеден көріп жатады. Ол кезде тосын қонақтың ауыл үлкеніне сәлем бермей кетуі, сусын ішпеуі — әбестік саналатын кез. Тез бала жұмсап, мал суарушыны шақырып: «Келген қандай адам? Неге тоқтамай барады?» — деп сұрайды.Құдықшы мән-жайды айтып: «Ол кісі: «Ауылдың суы арам екен,  келесі ауылға барайын», — деп кетті», —  дейді. Бай ашуға булығып, Ержанды кері алдырады: «Ағасы, бұл жылқы — менің сенімді серігім. Туғалы бұлақтың, дарияның тұнған суын ішкен мал. Құдығыңыз дұрыс аршылмаған болса, онда біз сезбейтін дәм, я иіс бар, яғни арам су болғаны», — дегенде ауыл ағасы құдықты қайта аршытып, тазартыпты деседі. Жігіттер тез іске кірісіп, екі қол созым қазғаннан кейін шөгіндіден бір түлкінің өлімтігін суырып алады.Жылқы малының сезімталдығы сондай — тазаланған, бірнеше күн мал суарылып, суы жаңарса да, осыны сезіп тұрғаны ғой! Ауыл ағасы Ержанды қонақ қылып, атына қолқа салады. Бірақ астындағы серігін кім берсін?..

Еуропа елдерінің бәрінде жылқыны қастерлеп, оны еңбектің, әсіресе егін шаруашылығының басты көлігі ретінде пайдаланған. Мұсылман елдерінде жылқыны союға тыйым салынған, себебі ол соғыста қажетті шешуші көлік ретінде пайдаланылған.

Орта ғасырларда Еуропада обадан миллиондаған адам қырылған кезде француз ғалымдары жылқыны бақылап, атбегілер мен атқора қызметкерлері обамен ауырмайтынын анықтаған. Себебі оба қоздырғышын тарататын бүрге атқорада болмайды екен, ал жылқы терісі мен қолаңса иісінен бүрге қашатындығы белгілі болған. Нәтижесінде еуропалық корольдер мен ақсүйектер жылқы түлігінің жанашыры болып, ат спорты мен белгілі жылқы тұқымдары зауыттарының негізін қалауға себепкер болды.

 

 

Жылқының еті мен сүтінің пайдасы

 

Адамның дұрыс тамақтану рационында еттің, ет өнімдерінің рөлі зор. Ғалымдардың айтуынша, етте адамның миының дамуына қажетті пайдалы заттар бар екен. Қазақ халқының мыңдаған жылдық кәсібі мал шаруашылығы болса, оның дені жылқы мен қой өсіруге арналды. Түйе малын негізінен жүк көлігі ретінде пайдаланған, ауқатты адамдар қысы-жазы шұбатын ішкен. Сиыр малын отырықшылық өмірге бейімделгеннен кейін ғана төрт түлік малдың қатарына қосқан.

Қазақстан үшін ең тиімді, арзан ет өндіру көзі — жайылымдағы миллиондаған гектарды пайдаланып, жылқы мен қой өсіру.Жылқы мен қойды шөбі шүйгін, қалың, ықтасыны мол жерлерде қыс бойы тебіндеп ұстауға болады.

Түркі халықтардың салт-дәстүрлерін сипаттаған грек ойшылдары Геродот, Страбон, т.б. сақтарды «жылқы етін жейтіндер, сүтін ішетіндер» деп басқа халықтардан ерекшелеп көрсеткен. Соғысқа қажетті көліктің жетіспеуіне байланысты жылқы етін жеуге тыйым салынған кездер де болған. Тек техниканың,  теміржол мен кеме қатынасының дамуыхристиандарға жылқы етін жеуге арнайы діни заң енгізуге мүмкіндік берді: Австрияда 1854 жылы, Францияда 1866 жылы, Ресейде 1867 жылы, Германияда 1879 жылы, Англияда 1883 жылы осындай заң енгізілген. Кейін жылқы етінің диеталық қасиеттерін білген соң, оны арнайы дүкендерде сатуға шешім қабылданған.1869 жылы орыс дәрігері Г.Архангельский «Адам өмірін сақтауды діни ұғымнан жоғары қою керек, жылқы етін аса бағалы, арзан дәрі ретінде қарастыру қажет деп жазған.

Біздің ата-бабаларымыз сан ғасырлық өмір тәжірибесіне сүйеніп «Жылқы еті төсек салып жатқанша, сиыр еті таң бозарып атқанша, қойдың еті — қорғасын, келесі күн батқанша» деп еттіңқорытылууақытын болжаған.

Мексикада – 6,4 млн, Аргентинада – 2,7 млн, Монголияда – 2,1 млн, Польшада 2,0 млн жылқы болса,Қазақстанда жылқы саны 2,5 миллионға да жетпей отыр.  1913 жылы Ресейде өткен жан, мал санағында тек екі облыста (Торғай, Ақмола) 1,2 млн жылқы болғаны айтылады. Осының өзі бізде қанша резерв болғанын көрсетіп отыр.

Жылқы етінің пайдалы екендігін қазір әр қазақ жақсы біледі. Жылқы етінің сапалық артықшылықтары —  құрамында гликоген болады, ол — энергия көзі. Еттің сапасы жылқының жасына, қалай қоректенгеніне, мініске пайдаланылуына, ұрғашы-еркектігіне де тікелей байланысты болады.

Дәмі, химиялық және биологиялық сипаты жағынан ең дұрыс ет — жыл бойы жайылымда болған, 3-4 жасқа дейінгі жас жылқының еті. Жас малдың еті уылжып тұрады, өте тез піседі, ауызға салса «еріп» кететін қасиеті бар. Науқас адамдарға, жүдеу, әлсіз адамдарға тез күш жинап, оңалу үшін жас малдың етін берген.

Жылқы етіндегі ақуыздың мөлшері мол, оның құрамындағы триптофан мен оксипролиннен ағзаға ең керекті амин қышқылдары түзіледі. Сонымен бірге жылқы еті лейцин, лизин, треонин, триптофан, валин, метионин, фенилаланин секілді амин қышқылдарына да бай. Сиыр етімен салыстырғанда жылқы етінде тек лизин ғана аздау. Химиялық құрамы жағынан жылқы майының басқа малдың майынан айырмашылығы өте үлкен. Онда қанықпаған (толымсыз) май қышқылдары едәуір мол, құрамы жағынан өсімдік майларына жақын, йод мөлшері жоғары, балық майының құрамына ұқсас болып келеді.

Жылқымайыеңтөменгітемпературадаериді. Май құрамындақанықпағанқышқылдар 61-65% болса, сиыр майында — 38,5%. Еңбастыартықшылықтардыңбірі—жылқы етінде холестерин аз: 12-60 мг/% аспайды. Сиырмайында холестерин75-110 мг/% көлеміндеболады.

Жылқы етінде сиыр етіне қарағанда,А, Е, B₁ (тиамин), рибофлавин, ниацин секілді дәрумендер әлдеқайда мол. Сонымен біргекалий, кальций, магний, мыс, темірекіеседей, кобальт төртесекөп. Осыныңөзіжылқыетініңерекшефизикалық-химиялыққасиетінкөрсетеді.

Жылқы етінің ең қадірлі де дәмді бөлігі —қазысы. Барлығы 18 қабырғасы болса, жауырынның астындағы 6 қабырғасы, майсыз қара қабырғасы деп есептеліп, жеке-жеке салынады. Ал қалған 12 қабырғасы, сүбе қабырғасы тұсы майымен бірге алынып, ішекке тығуға оңай болуы үшін қыста мұздатылып, жайылады. Ащы шегі 2-3 қайтара жуылып тазартылып, керегіне қарай тұздалып, әр қабырға сыятындай етіп ішекке тартылады. Қазының сапасына негізгі әсер ететін фактор — ішектің сөлі, оның құрамындағы пепсин ферменті.

Еттің толыққанды ақуызға бай болуы қанмен бірге ағзаға керекті заттарды тасымалдауға, иммунитеттің жақсаруына, ферменттер жүйесінің жұмысына оңтайлы әсер етеді.

Жылқы майында қанықпаған (толымсыз) қышқылдардың көп болуы оның тез еруіне, нәтижесінде ағзаға тез сіңуіне себеп болады. Әрі суықта қатпайды.

Жылқының еті қаншалықты пайдалы болса, сүті де соншалықты пайдалы.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын — қымыз денсаулыққа өте пайдалы.

Бие сүті құрамы жағынан ана сүтіне жақын болғандықтан ашымаған саумал күйінде нәрестелерге беріледі. Ол лактозаның көп болуынан, май түйіршігінің ұсақтығынан тез қорытылады.

Жылқының еті мен сүтінде қанықпаған май қышқылы көп болғандықтан ағзадағы туберкулез микробы өспейді. Микробтың сыртқы қабығының өсуі, түзілуі үшін қаныққан (қатты) май қышқылдары керек. Ол түйе, сиыр, қой сүтінде көп болады. Әрі қымыз ашығанда С витамині көлемі артады. Туберкулез қоздырғышы қалың сыртқы қабатсыз ағзадағы антитела, фагоцит жасушаларға төтеп бере алмай жойылады.Жылқының етімен сүтінің бар қасиетін ғалымдар осылай түсіндіреді.

Ата-бабамыз сыйлы қонағы келгенде соярға дайын қойы болмаса, неқойы арық болса,тұтас қазы асып беретін болған. Тұтас қазы бір қойға бағаланған деседі.

Жылқы ата-бабамыздың жан серігі болған, жаудан қашса — құтқарған, қуса —жеткізген. Атақты жүйрік тұлпарлар тұтас бір рулы елдің мақтанышы болған. Қазақ сапарда жүргенде елсізге түнегендетоқымын жастанып,  шылбыр, тартпасын айнала қоршап қойып жатқанда бүйі, жылан жоламаған.

Жылқы —жеті қазынасының бірі, ердің қанаты, адал серігі. Қамбар ата ұрпағы «еншілеген»  2026 жыл — Жылқы жылы елге береке, бақыт пен жақсылық әкелсін.

Жазып алған Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button