Медициналық пункт жаңарды

Мәртөк ауданына қарасты Байнассай ауылында жаңартылған медициналық пункт пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев және Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Орынғали Қонысбай қатысты.
Бір ауысымда 25 адамды қабылдауға есептелген медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды.
Медициналық пункт 316 адамға шақталған. Мұнда ауыл тұрғындарына сапалы медициналық-санитарлық көмек түрлері көрсетіледі. Бұл жобаның жүзеге асырылуы Мәртөк ауданының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді. Жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ медициналық көмекті тұрғылықты жерде алуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ақмарал МҰҚАШЕВА,
Мәртөк ауданы.



