Жаңалықтар

Ойылдықтар жылды қорытындылады

Ойыл аудандық мәдениет үйінде салалық қызметкерлерді марапаттау рәсімі мен жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті.

«Жыл үздігі — 2025» аталатын іс-шараның мақсаты—жыл бойы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсету, еңбе кадамдарын ынталандыру және атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.

Салтанатты кешке аудан басшылығы, мекеме басшылары, сала мамандары, аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара аясында Ойыл ауданының 2025 жылы жеткен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін қамтыған бейнебаян көрсетілді.

Аудан әкімі Асқар Қазыбаев жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Салтанатты жиында«Ойыл ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері,

«Жыл адамы — 2025» атағы беріліп, мемлекеттік қызмет, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құқық қорғау, энергетика, әлеуметтік сала және өзге де бағыттар бойынша сала үздіктері марапатталды.

«Ойыл ауданының жыл адамы — 2025» атағы спорт саласында ел намысын қорғап, халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен азаматтарға табысталды. Сонымен қатар аудан дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері мен түрлі сала мамандарына құрмет көрсетілді.

Іс-шара аясында аудан өнерпаздарының орындауындағы патриоттық және мерекелік әндер, ұлттық билер көрермендерге көтеріңкі көңілкүй сыйлады. Кеш барысында аудандық мәслихат төрағасы мен аудан әкімінің орынбасарларының да Алғыс хаты берілді.

Салтанатты жиын соңында 2025 жыл табысты қорытындыланып, алдағы 2026 жылға жаңа жоспарлар мен игі бастамаларға сенім білдірілді. Барша еңбек адамына алғыс айтылып, жаңа жылда табыс пен береке, бірлік пен тұрақтылық тілектері жолданды. «Жыл үздігі — 2025» салтанатты кеші еңбек адамын ұлықтаған, жетістік пен бірлікті дәріптеген мазмұнды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button