Әлішер — бас жүлде иегері

Бәрекелді
Темір ауданында«Темір дауысы—2025» ән байқауы ұйымдастырылды.
Н.Байғанин атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен дәстүрлі байқау осымен 4-ші жыл өткізілді. Сазды сайысқа кәсіби музыкалық білімі бар, сахнада шыңдалған, тәжірибе жинаған әншілер қатыстырылды. Сондықтан бұны аудандағы вокалистер сыны деуге толық негіз бар. Мұндағы мақсат — өлкедегі мәдениет майталмандарының өнерін кеңінен насихаттап, жаңа есімдерді елге таныту, сондай-ақ өнерпаздардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Жас әріптестердің өнерін Темірден шыққан өнер иелері — әнші-композитор Сейсен Айтжанов, ақын Ершат Қайболдин, әнші Гүлсанат Ержанова бағалады.
Бірнеше кезеңнен тұрған байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Әлішер Айжігітов иемденсе, I орынға Сағымжай Амангелдин лайық деп танылды. Одан кейінгі жүлделі орындарды Гүлсана Қартбай мен Мадияр Бақтыбаев өзара бөлісті, ал Жаңалық Сағынғалиев «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сертификат табысталды.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.
Темір ауданы.



