Бәйішевтің бүгіні

Кездесу
Бәйішев университетінің құрылтайшысы, профессор Ахан Бекежан Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің қабылдауында болып, аталған оқу орнының даму барысы, оқу-ғылыми бағыттағы жетістіктері мен университеттің жаңа кампусының құрылысы туралы баяндады.
Сонымен қатар халықаралық байланысты нығайту мүмкіндіктері де айтылды. Министр жоғары оқу орнының жұмысына оң баға беріп, университеттің болашақ істеріне зор табыс тіледі.
Іргесі 1996 жылы қаланған, яғни ашылғанына 30 жыл болғанҚазақстанның батыс өңіріндегі ірі жоғары оқу орындарының бірі Бәйішев университеті елэкономикасын дамытуға, ғылым мен білім сапасын арттыруға қызмет етіп жатқан мыңдаған маманды даярлап, ел дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
Университетте жоғары білімді, білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Оқу орны өңірлік, отандық, шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Бүгінде оқу орны Ақтөбе қаласының Батыс ауданында заманауи үлгіде жаңа кампустың құрылысын жүргізіп, спорт кешенін салып жатыр. Спорт кешені 2025-2026 оқу жылының аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Өз тілшіміз.



