Жаңалықтар

Асыл тұқым көбейеді

Мал шаруашылығы

Алға ауданындағы «Исламбек» шаруа қожалығында жалпы құны 10 миллион теңге тұратын қолдан ұрықтандыру орталығының құрылысы аяқталды.

Ақай ауылына қарасты шаруа қожалығы 2014 жылдан бері асылтұқымды мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда, негізінен, еліміздегі батыс аймақтардың бренді саналатын еділбай қойын өсіру, төл сапасын көтеру жұмыстары қолға алынған. Батыс Қазақстан облысындағы «Бірлік мал зауыты» ЖШС-мен байланыс орнатылып, қошқарлар сол жақтан әкелінген.

Сонымен қатар шаруашылық Оралдағы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университет ғалымдарымен де байланыс орнатып отыр. Зерттеушілер кеңесі бойынша малды азықтандыруға арнайы көңіл бөлінеді. Мал азығына сәбіз, жұмыртқа қосылады, күнделікті жемшөптің сапалы болуы да ескеріледі. Ұрық сапасын мамандар орталық жанындағы шағын зертханада тексереді, сондай-ақ әр төлді есепке алу жұмыстары мұқият жүргізіледі.

Қазір орталықта 700 бас аналық қойды қолдан ұрықтандыру жүргізіліп жатыр. Жоба аясында тұқым сапасын жақсартумен қатар, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсаты да көзделген.

А.САРЫБАЙ,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button