Жаңалықтар

Зерттеу және сақтау жұмыстары жалғасты

Руханият

Темір ауданындағы Досжан ишан кешенінің жалпы көрінісін 1904 жылы орыс зерттеушісі, геоботаник В.Дубянский суретке түсірген.

Биыл осы суретті негізге алып, мешіттің алдындағы азан шақыратын мұнараның және Досжан ишанның өзі тұрған үйдің орнына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген еді. Қазір ұзындығы — 19,5 метр, ал ені 16 метр болатын үйдің орны, сонымен қатар оның 8 бөлмеден тұратыны анықталды. Ұзындығы — 8 метр, ені 5 метр болатын мұнараның іргетасы да табылды. 2026 жылы мұнараны қалпына келтіру жоспарланып отыр. Ал Досжан ишан үйінің сақталған бөлігі консервацияланатын болады.

Биыл сондай-ақ Досжан ишан кешенінің басқа ғимараттарында реставрация жәнеконсервация жұмыстарын жүргізу жалғасты. Атап айтқанда, 10 бөлмеден тұратын мешіттің солтүстік-шығыс бөлігінде реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр: қабырғалары, есік-терезелері қалпына келтіріліп, аркалары да қаланады.

Сонымен қатармешіттегі қазба жұмыстары кезінде оның қабырғаларын безендірген ою-өрнектер, араб қарпімен жазылған мәтіндер де табылғанын бұдан бұрын жазған едік. Сылақтағы суреттерге ғылыми тұрғыдан зерттеу, технологиялық сараптама жүргізу ісімен «Қырым аралдары» ЖШС-ның мамандары айналысты. Бұл жұмыстардың мақсаты — консервация мен реставрация жасауға қажетті әдістерді нақтылау.

Ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік Эрмитаждың ғылыми-техникалық сараптама бөлімінде талдау жасалған. Талдау қорытындысында суреттер мен мәтіндер үшін қолданылған сырдың жануарлардан алынған (сүйек, терінің шел қабаты) желімге минералды бояулар қосып әзірленгені анықталды. Сыр ақ түсті қабатқа жағылған. Бұл қабатәкқосылған гипспен сыланған. Ал бұл сылақтан бұрын қабырғаға ұсақталған қамыс араластырылған саз жағылыпты.

Биылғы талдаулар қорытындысы бойынша «Қырым аралдары» ЖШС зертханасында ою-өрнектер мен мәтіндерді консервациялауға қажетті материалдың құрамын анықтау жұмыстары жүргізіліп, ол материалдар тексеріс-сынақтан өткізілді.

Қараша айында «Қырым аралдары» ЖШС мамандары мешіттің топырақ үйіндісінің астында қалған бөлігінен суреттердің кейбір фрагменттерін «шешіп» алды. Олар зертханаға жеткізіліп, консервацияланады және болашақта музейге қойылады деп жоспарланып отыр.

Индира ӨТЕМІС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button