Салт-дәстүр — тәрбие өзегі

Дөңгелек үстел
Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Тәрбие көзі — салт-дәстүр» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты—халқымыздың ұмыт бола бастаған дәстүрі мен салтын саралап, озық үлгілерін қоғам санасына сіңіру, оны күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру, ұлттық құндылықтарды сақтау арқылы бірлік пен берекеге қол жеткізуге болатынын жастарға ұғындыру. Сонымен қатар еңбек қорлық пен салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жан мен тән саулығына пайдалы жолдарды дәріптеу көзделді.
Іс-шараға Шалқар аудандық ауруханасының медбикесі Ж.Романова және Шалқар көпсалалы колледжінің, қала мектептерінің ұстаздары, белсенді жастар қатысты. Аудандық жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы М.Тажиев ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік маңызына тоқталып, жастарды рухани құндылықтарды құрметтеуге және салт-дәстүрді сақтауға шақырды.
Іс-шара барысында музейдің экскурсия жүргізушісі А.Қуанжанова ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер жайында кеңінен әңгімелеп, олардың мән-маңызын түсіндірді. Ол ұлттық болмысты сақтау мен ұрпақ тәрбиесінде дәстүрдің рөлін ерекше атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар ойын ортаға салды.
К.ҚОПАЕВА.



