Жаңалықтар

Бюджет қаржысы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталады

Сессия

Облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті ХХII сессиясында өңірдің 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасы және бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Сессияда облыстық мәслихат депутаттары үш жылдық бюджеттің жобасын қарап, талқылады. Келесі үш жылдағы шығыстардың жалпы көлемі 1,7 трлн теңгені құраса, 2026 жылғы шығыс көлемі— 458,6 млрд теңге. Бюджет жобасы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес әзірленіп, тұрақты комиссияларда жан-жақты талқыланды. Депутаттар мен облыс басшылығының ұсыныстары толықтай ескерілді. Бюджет қаржысы негізінен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге бағытталды.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың айтуынша, 2026 жылғы облыстық бюджеттің 69 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға арналған. Атап айтсақ, қаржы білім беру, денсаулық, инфрақұрылым, энергетика, автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, қоғамдық қауіпсіздік, т.б салаларға бөлінеді. Ал 2026 жылғы даму бюджетінің көлемі— 57,2 млрд теңге. Бұлқаражаттыңбасымбөлігіқұрылысыбасталғаннысандардысалуға, инженерлікинфрақұрылымжүргізуге,суменжабдықтауға, газдандыруға, жолжөндеугежәнежаңаәлеуметтікнысандардыпайдалануғаберугеқарастырылады.

Бұдан кейінотырыста2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен Ақтөбе қаласының, аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі, облыстың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары, Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау және оларға атау беру, облыстың жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу, т.б. мәселелер қаралды.

Депутаттар сессия барысында ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау, орман шаруашылығы, жол қозғалысы қауіпсіздігі, медициналық көмектің сапасы мен жедел жәрдем қызметін жаңа көліктермен қамту, халықтың қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлардан қорғау, әскери комиссариат ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, білім беру ұйымдарында балаларды сапалы тамақпен қамту, т.б мәселелер бойынша өз сауалдарын қойды. Сондай-ақ депутаттар тарапынан әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша 11 депутаттық сауал жолданды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде халықтың әл-ауқатын көтеруде маңызды жобалар жүзеге асырылып жатқанын, оның ішінде жол жөндеу, азық-түлік қауіпсіздігі, жас ұрпаққа сапалыбілім мен тәрбие беру, ауылдарды ауызсумен, газбен, интернетпен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Ауылдардың жағдайын көтеру, инфрақұрылымды дамыту мәселелері алдағы жылдары да назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ өңірде білім саласын, басқа да салаларды цифрландыруға ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Бұл ашықтық пен нақтылыққа жол ашады. Әрбір депутат бұл орайда қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге өз аумақтарын аралап, жүзеге асырылып жатқан жобаларды бақылауда ұстауы керек. Әрбір бөлінген қаржы сіздердің назарларыңызда болуға тиіс. Қаржыны тиімді игеріп, жұмсасақ, сонда ғана өңіріміз дамиды, ешқандай мәселе болмайды, — деді А.Шахаров.

 Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button