Жаңарған спорт мектебі

Ауыл — ел бесігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және балалардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасау жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде спорт инфрақұрылымы жаңғыра бастады. Осындай игі бастаманың бірі — Байғанин ауданындағытолық жаңғыртудан өткен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Бұл — ауыл жастарына жасалған зор қолдау, тұрғындарды қуантқан жақсы жаңалық.
1987 жылы салынған спорт мектебі соңғы рет 2020 жылы жөнделген. Ал 2025 жылдың мамыр айында нысан күрделі жөндеуге жабылып, бірнеше ай бойы қайта құрылып, толық жаңартылды. Қазіргі таңда құрылысы аяқталып, жаңа келбетке ие болған спорт мектебі халық игілігіне ұсынылды.
Жаңғырту барысында бас қақпа , күрес және ауыр атлетика залдары заманауи талаптарға сай қайта жабдықталды. Аула аумағында жаңа воркаут алаңы мен шағын футбол алаңы салынды. Бүгінде спорт мектебінде 12 спорт түрінен үйірмелер өз жұмысын қайта жандандырды. Спорт мектебіне күрделі жөндеужасаған мердігер— «Орхан Иншаат» ЖШС.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Айбек Көпенов, облыстық мәслихат депутаты, ұлттық спорт федерациясы облыстық филиалының төрағасы Марат Қойлыбаев, сондай-ақ спорт саласының ардагерлері қатысып, жаңартылған нысанның ауыл жастары үшін маңызын атап өтті.
Қайта ашылған спорт мектебі — ауыл балаларының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың жаңа жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін маңызды орталық. Бұл нысан алдағы уақытта да аудан спортын дамытуға елеулі үлес қосатыны анық.
Ақбота ҚОМЫТ,
Байғанин ауданы.



