Ауыл

ГАЗ ҚЫСЫМЫ НЕГЕ ТӨМЕН?

Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі Никельтау ауылынан басталды.

Нұрхан Тілеумұратов ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсынысын тыңдады. Кездесу барысында ауыл әкімі жыл бойы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарымен бөлісті.

Өткен үш жылда округті дамытуға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Осы қолдаудың нәтижесінде ауылға кіреберіс және ішкі жолдар асфальтталып, Мәдениет үйі мен балабақша жөнделген. Сонымен қатар апатты үйлердің орнына 2 қабатты 8 пәтерлі тұрғын үй салынып, табысталды.

Ауыл әкімінің айтуынша, қазір ауылдық округте 5 екіпәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы жылы ауыл ішіндегі көшелерді толық асфальттау жоспарланған. Бұған қоса ауылда балаларға арналған ойын, волейбол және баскетбол алаңы пайдалануға берілді.

Кездесуде тұрғындар әкімдерге газ қысымының төмендігін, суды тұрақты беру және тазалық мәселелерін көтерді. Аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына аталған мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырма берді.

Жиында жақында жөндеуден өткен балабақшаның ата-аналары да сөз алып, білім беру ұйымына жылы әрі жайлы жағдай жасалғаны үшін өз ризашылығын білдірді.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button