Жаңарған бөлімше тынысы

Пошта
Жарлы ауылындағы «Қазпошта» бөлімшесі жаңарды.
Ауыл тұрғындарының игілігі үшін жаңаша түрге енген нысан демеушілік қаражат есебінен толықтай күрделі жөндеуден өтті. Жұмсалған қаржы — 1,9 миллион теңге.
Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың төбесі мен шатыр жабындысы жаңартылып, қабырғалары сыланып, әрленді. Ішкі және сыртқы есіктер ауыстырылып, терезелерге заманауи ролл-перделер орнатылды.
Сонымен қатар электр желісі толық жаңартылып, жарықшамы ауыстырылды. Су және жылу жүйесі тартылды. Соның арқасында ғимарат бөлмелері жып-жылы.
Ауласы да назардан тыс қалған жоқ: аумақ абаттандырылып, қоршауы жөнделді, кіреберіс бөлігіне брусчатка төселді.
Жаңарған пошта ғимараты ауыл тұрғындарына қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, қызметкерлердің жұмыс жағдайын едәуір жақсартты.
Жарлы ауылының тұрғындары енді сапалы пошта қызметін заманауи әрі жайлы ортада ала алады.
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.



