Спорт
Бір күнде — екі жүлде

Ақтөбелік жүзгіш Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі жүлдеге ие болды.
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан IVИслам ынтымақтастығы ойындарында ақтөбелік жас спортшы Айбат Мырзамұратов бір күнде екі бірдей жүлдеге ие болды.
Алдымен кешенді жүзуден 200 метр қашықтықта үшінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші — 2:05:07.
Сонымен бірге Айбат брасс әдісі бойынша 100 метр қашықтықтағы жарысқа да қатысты. Бұл жолы 01:02.11 уақыт көрсеткішімен тағы да қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша жерлесіміз Ислам ынтымақтастығы ойындарында жарыста жүрген ұлттық құраманың қоржынына бір күнде екі медаль салды.
А.САРЫБАЙ.



