Спорт

Ақтөбелік полицей – әлем чемпионатының жүлдегері

25-30 қараша аралығында Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өткен әлем чемпионатына полиция аға лейтенанты Заманбек Данабеков қатысып, жүлделі оралды. Отыз екі мемлекеттің алпауыттарының басын қосқан әлемдік додада ол 65 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Чемпионатқа қатысушылар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату және қоян-қолтық ұрыс бойынша сынға түсті.
Спортшы-полицей Заманбек Қазымбекұлы өз салмақ дәрежесінде Алжир, Франция және Тәжікстан мемлекеттерінің спортшыларын жеңіп, әлемдік доданың қола жүлдесін лайықты жеңіп алды.
«Әмбебеп жекпе-жекке бірінші рет қатысуым. Бір айдай дайындалдым. Әлемдік ареналарда Қазақстанның көк байрағының астында белдескен кезде осалдық танытуға еш қақымыз жоқ. Ендігі мақсатым – Әлем чемпионы атанып, Тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтату» дейді намысты жігіт.
Спортты бала кезінен жанына серік еткен Заманбек Данабеков Ақтөбе облысы полиция департаментінің арнайы жасағының жауынгері, бокстан, қоян-қолтық ұрыстан республикалық, әлемдік сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, бокстан спорт шебері.
«Спорттық жолым 9 жасымда басталды. Арнайы жасақта спортқа жоғары ден қойылатындықтан, 2022 жылы осы салаға бет бұрдым. Арнайы жасақ қатарында елімнің тыныштығын күзетіп қана қоймай, мұнда бірнеше дүркін әлем чемпиондарымен, нағыз кәсіби спортшыларымен бірге қызмет ету мен жаттығу – мен үшін үлкен мәтебе ғана емес, нағыз кәсіби мектеп» – дейді әлем чемпионатының жүлдегері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button