Электр желілері жаңартылады

Жарық
Қайыңды ауылындағы электр желінің жөндеу жұмыстары аясында 3 тірек ауыстырылып, 920 сызықтық изолятор және 22 400 метр сым жаңартылады.
Бұл жұмыс Мұғалжар ауданы әкімдігі мен «КазГеоРуд» ЖШС арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып отыр. Қаржыландыруды аталған компания өз мойнына алған.
750 адам тұратын Қайыңды ауылынаэлектр желісі Алтынды ауылынан тартылған. Жалпы желінің ұзындығы — 35 шақырым. Жоба аясында тозған және зақымданған 7 шақырым желі жөнделмек.
Сонымен қатар «СапаТелеком» компаниясы ауылға жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылуға арналған магистралді талшықты-оптикалық байланыс (ВОЛС) кабелін жүргізді. GPON технологиясы арқылы қосылатын интернеттің жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с жетеді — бұл үй жағдайында ғаламторды пайдаланудың алтын стандарты саналады.
Ж.АБАЙҰЛЫ,
Мұғалжарауданы.



