Спорт

Волейболдан жарыс өтті

Ақтөбеде Республика күніне орай арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Dostyq Cup» волейбол турнирі өтті.

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 18 команда қатысты. Командалар құрамы аралас болды, яғни жігіттер мен қыздар өз оқу орнының намысын бірге қорғады.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,оларды спортқа тарту мақсатында мұндай жарыстарды үнемі қолға алып келеміз. Бұдан бұрын арнаулы оқу орындарының оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылған болатын. Спорт, қозғалыс ең алдымен денсаулыққа керек. Екінші жағынан, жарысқа қатысушылар бар, жанкүйерлер бар — спорт пен мәдениет шараларында танысып, араласудың жөні бөлек, бұл жастардың өзара қарым-қатынасына да игі әсерін тигізеді деп санаймыз, — деді облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманай Қайнарұлы.

Жарыс қорытындысында Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжініңкомандасы жеңімпаз атанды. Екінші орын иегері — құрылыс-монтаж колледжінің құрамасы. Ал автожол колледжінің құрамасы үшінші орын алды.

Сондай-ақ Әлихан Базарғали жарыстың үздік ойыншысы атанса, Нұрсұлтан Қазбеков «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша марапатталды. Ал «Үздік қорғаушы» атағын — Бекарыс Алтынбаев, «Үздік байланыстырушы» атағын Елдар Иванов иеленді.

Жарыста жастар жоғары ойын деңгейін көрсетті. Барлық жеңімпаз бен жүлдегерге дипломдар, Алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

Айна САРЫБАЙ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button