Ауыл

Ноғайтыда қос алаң ашылды

Қолдау

Ноғайты ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңы мен спорталаңыашылды. Заман талабына сай бой көтерген екі әлеуметтік нысан құрылысына «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС демеушілік еткен.

Нақтырақ айтқанда, Ноғайты бөбекжай-балабақшасының аумағында балалар ойын алаңы, ал Мұнара көшесінде жасанды төсеніші бар футбол алаңы салынды. Бұл екі жоба ауыл инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Жиынға аудан әкімі Айбек Көпенов, философия ғылымдарының докторы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Алтай Тайжанов, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин, «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС жобасының жетекшісі Чжан Чуньмао, компанияның әкімшілік бөлімі басшысы Айтжан Ұңғарбаев пен ауыл ақсақалы Төлеген Жұмабай қатысты.

Салтанатты іс-шарада сөз алған аудан әкімі Айбек Көпенов:

Бір жыл бұрын «Сағыз Петролеум Компани» басшыларымен кездесуде аудан бойынша, оның ішінде Ноғайты, Қопа және Жарлы ауылдарына көмек көрсету мәселесі көтерілген болатын. Сол кездесудің нәтижесінде компания тарапынан Ноғайты және Қопа ауылдарына ойын алаңдары мен демалыс саябақтарын салу туралы ұсыныс қолдау тапты. Бүгін осы бастаманың нақты нәтижесін көріп отырмыз. Компания басшылығына және ұжымына аудан жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін, — деді.

Айта кету керек, өткен жылы да дәл осы компания қолдауымен Қопа және Ноғайты ауылдарында демалыс саябақтары салынған болатын. Бүгінде бұл саябақтар ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды.

«Сағыз Петролеум Компани» ЖШС-ның бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы бастамалары ауылдың ажарын арттыра түсуге, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.

Бұл — билік пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығының, туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық ұстанымның айқын көрінісі.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button