Әдебиет

Тағылымды кездесу

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында әдебиет сыншысы, аудармашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова және Түркия елінің ақыны, аудармашы Фатиһ Сұлтан Йылмазбен кездесу өтті. Аталған іс-шараға жергілікті ақын-жазушылар, студенттер мен оқырман жастар қатысты.

ЖиындаҚазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкілі, ақын Бауыржан  Құрманқұлов өңірдегі әдебиетсүйер қауымға арналған іс-шаралар жөнінде айтты. Сондай-ақ  «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық әдеби байқауының соңғы жылдары тұрақты өткізіліп келе жатқанын жеткізді. Мақсат —  әдебиет пен өнерді қолдау, таланттарды анықтау.  Байқауға поэзия, проза, драматургия, көркем аударма, сатира, балладалар мен дастандар және балалар әдебиеті бағыттары бойынша ақын-жазушылар қатысады. Бұл шара облыс әкімдігінің қолдауымен өтеді. Осы байқаудағы қазылар алқасының мүшесі Әлия Бөпежановаға алғысын білдірді.  Ал жақында байқаудың қорытындысы жарияланбақ.

Әлия Бөпежанова жастармен кездескеніне қуанышты екенін жеткізді.

—Ақтөбе облысында бірнеше жылдан бері халықаралық әдеби  байқау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұндай ауқымды іс-шараның  өтуі, біріншіден,  әдебиетсүйер қауым үшін маңызды болса, екіншіден өңірден шыққан талантты ақын-жазушылардың танылуына ықпал етеді. Сондықтан осы байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, — деді әдебиет сыншысы.

Сондай-ақ жиында Түркия елінің ақыны, аудармашы Фатиһ Сұлтан Йылмаз өз лебізін білдірді.  Алыстан келген қонақ соңғы жылдары  қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына қызығушылық танытқан. Оның ішінде Абай Құнанбаев пен Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңдерін жиі оқитынын айтты. Сондай-ақ ақын Гүлімай Әбішқызы Ақтөбедегі әдеби орта туралы айтып өтті.

Жиынсоңында жастар қонақтарға сауалдарын қойды, естелік суретке түсті.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button