Жат ағымдардан қалай сақтанамыз?

Қазіргі цифрлық дәуірде әлеуметтік желілер ақпарат алмасудың басты алаңына айналды. Оның ішінде пайдалысы да,зияндылары да бар. Осы орайда әлеуметтік желілерді теріс мақсатқа пайдаланып,жат ағым идеологиясын насихаттайтын арамза топтар көбеюде. Бұл — жеке тұлғаларға да,қоғамға да қауіп төндіретін құбылыс.
Жалпы жат ағым деген не? Жат ағым — дәстүрлі ислам қағидаларынан алшақ, қоғамға, мемлекетке және адам өміріне қауіпті діни бағыттар. Мұндай бағыттағылар діни сауаты жоқ адамдарды алдап, өздерінің жалған түсініктерін «шын ислам» деп көрсетеді.Фанаттық көзқарас пен радикалды ой қалыптастырады.
Қазіргі қоғам интернет желісіне тәуелді болып, көкейдегі сұрақтарды осы ғаламтордан іздеп табу қалыпты жағдайға айналды. Бірақ интернеттегі барлық ақпарат көзі шындыққа жанасама? Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Жат ағым өкілдері бүгінде әлеуметтік желілерді бастық аруға айналдырып, оны өте тиімді пайдаланып отыр. Себебі қолжетімділігі жоғары, жалған «діни білімді» оңай таратады. Жасырын аккаунттарды пайдалана отырып, эмоциональды әсер беретін видео, аудио,мотивациялық мәтіндер арқылы адамдарды сендіреді. Әдетте олар адам психологиясын меңгерген,қалай сөйлесу керек екенін біледі және жанды жеріне тигізе отырып, өз топтарына кіргізуге тырысады. Ол үшін әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, адамның сеніміне кіреді.
Күйзелісте,қаржылық қиындықта, жалғыздықта жүрген адамдар болса, мұндай жолға тез түседі. Себебі деструктивті діни ағым өкілдері жылы сөйлеп, қолдау көрсетіп, жұмсақ үгіт-насихатын жүргізеді. Тіпті ақшалай да көмек қолын созады. Қиын сәтте жүрген адам мұндай қолдаудан кейін оларға кәміл сеніп, өзіне жақын тарта бастайды. Алайда мұндай әдемі көріністің артында өте жауыз, қоғамға қауіпті топтар тұр. Мұндайтоптарғакіргенадамныңсанасыуланып, ондарадикалдыкөзқараспайдаболады. Отбасымен,туыстарымен арасын суытып, қоғаммен байланысты тоқтатады. Мемлекетке, заңға қарсы шығып,теріс әрекет жасайды. Осындай ағымдардан зардап шеккен көптеген жас кейін өкініп, қайта қалыпты өмірге оралуда қиындыққа ұшырайды.
Ал мұндай экстремистік көзқарасты топтардан өзімізді қалай қорғаймыз? Ол үшін ең алдымен әлеуметтік желіні ақылмен пайдаланып, сыни көзқарас қалыптастыруымыз керек. Кез келген адамны ңуағызын тыңдамай, белгісіз топтар мен жабық каналдарға тіркелмей, діни сұрақтар туған кезде тек ҚМДБ имамдарына немесе ресми ақпаратқа жүгінуіміз керек. Шетелдік уағызшылардан білім алу да адасушылыққа әкеледі. Және олардың уағызын әрі қарай таратса,әкімшілік құқықбұзушылық жүктеледі.
Біздің елде рұқсатсыз уағыз айтуға заңмен тыйым салынған. Егер рұқсатсыз уағыз айтса, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 490-бабының 3-бөлігі (рұқсатсыз діни қызметпен айналысу, оның ішінде діни уағыздарды тарату) бойынша жеке тұлғаларға айыппұлс алынады.Ал егер бұл әрекет қайталанса немесе жат ағым белгілері анықталса, онда іс Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қаралуы мүмкін. Сол үшін қолында рұқсат қағазы бар, ҚМДБ рұқсат етілген ұстаздардан, ресми мешіт-медреселерден білім алу қажет. Бұл—тегін әрі қауіпсіз.
Діни жат ағымдардың алдын алу — тек мамандардың емес, барлығымыздың ортақ міндетіміз. Ақпаратты дұрыс талдау, күмәнді контенттен сақтану және ресми діни орталықтарға жүгіну —қауіпсіз қоғамның кепілі. Бірлігіміз бекем, көзқарасымыз айқын болса, ешқандай теріс ағым қоғамды бұза алмайды.
Әлия ЖАКЕЕВА,
Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі дін мәселелері және
Қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теолог маманы.



