Білім

«Сен өз еліңнің патриотысың ба?»

деген атпен Хромтау аудандық кітапханасында  ток-шоу өтті.  Оған Хромтаудағы  №4 кәсіптік лицейдің оқушылары шақырылды.

Алдымен сөз алған лицей оқытушысы Марал Біржанов маусым айында Қарағанды қаласында өткен жас патриоттардың ІV форумы туралы қысқаша айтып берді.  Шарада жастар  «Отанды сүю неден басталады?», «Нағыз патриот деп кімдерді айта аласыз?» « ҚР рәміздері туралы не білесіз?», «Желтоқсан туралы не білесіз?», тағы да басқа сұрақтар төңірегінде өз ойларын бөлісті. Ток-шоудың сарапшылары ретінде аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева,  кәсіптік лицей мұғалімі Қарашаш Өксікбаева, кітапхана әдіскері Баян Әбиева қатысты.

Шара барысында «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» атты бейнесюжет көрсетілді. «Мен — Қазақстан азаматымын» атты виртуальді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Мәнсия Тымбаева өткізген ток-шоу арқылы жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.

Айнұр КЕЛМАҒАМБЕТОВА,

Хромтау аудандық кітапханасының

кітапханашысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button