Фаризаға арналды…
Конференция
Ақтөбе қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» қолдауымен Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына арналған «Фариза поэзиясы: ұлттық мүдде және жаһандық бағытта зерттеу мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымының мүшелері,ақын-жазушылар, журналистер мен оқытушылар қатысты.
Ақын есімімен аталатын білім ордасына келген меймандар қатарында белгілі ақын Мейірхан Ақдәулетұлы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнолла Мүтиев, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Философия докторы (PhD) Есентүгел Ази де бар. Олар «Ақын шығармашылығы мен еңбектері бойынша ғылыми зерттеулерге жаңаша көзқарас», «Білім беру жүйесінде Фариза Оңғарсынова шығармаларын оқытудың әдістемесі», «Фариза Оңғарсынованың қоғамдық қызметі» тақырыбында баяндамаларын оқыды.
Конференцияға арнайы шақырылған қонақтар ақын шығармашылығы, оның өз еліне деген сүйіспеншілігі, қазақ руханиятына сіңірген еңбегі төңірегінде ой өрбітіп, пікір алмасты.
Конференция оданәрісекциялықжұмыстарменжалғасты.
Іс-шара соңында Мемлекеттік сыйлық иегері, ақын Светқали Нұржан мен Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірдің әні мен сөзіне жазылған Фариза мектебінің әнұраны шырқалып, тұсауы кесілді.
Конференция қатысушылары «Өрлеу»БАҰО» АҚ-ның облыстық филиалы басшыларының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Лида ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ,
Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы
директорының бейіндік және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.