Басты жаңалықтар

Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесі

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізіп жатқанын хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосылуы жүргізілуде.
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап СӘАЖ СТК-не мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын құжаттар жіберілетін болады, атап айтқанда:

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарлама;
2. Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама;
3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама;
4. Дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама;
5. Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім;
6. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;
7. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;
8. Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім;
9. Касса бойынша шығыс операцияларын бастау туралы өкім;
10. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім;
11. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің күшін жою туралы шешім;
12. Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім;
13. Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім;
14. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім;
15. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
16. Жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама;
17. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарлама.

2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап жіберген құжаттар тек СӘАЖ СТК-де мына сілтеме бойынша https://knp.kgd.gov.kz қол жетімді болатынына және ескі Салық төлеушілер кабинетіне қоса жіберілмейтініне назар аударамыз.
Жаңа хабарландыруларды ескі СТК-ің «Хабарландыру журналы» бетіндегі сілтеме арқылы да көруге болады.
Бұл ретте, бұрын келіп түскен құжаттарды қарау Салық төлеушінің ескі кабинетінің Хабарламалар журналында қолжетімді болып қалатынын ескертеміз (https://cabinet.kgd.gov.kz).
СӘАЖ СТК-де тіркелу және жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулықтар комитеттің Youtube каналында https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared сілтеме бойынша орналастырылған.
СӘАЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘАЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:

1. Жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
2. СӘАЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘАЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button