Әдебиет

Өлең және өмір

Әдеби кеш

Ақтөбе қаласындағы №51 гимназиясында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулеспен «Ақын — елдің ардағы» атты кездесу өтті.

Гимназияның мәжіліс залында өткен кездесуге мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарагөз Ахметқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақмарал Кеңесқызы сөз сөйлеп, кеш қонағын таныстырды.

Одан соң кеш жүргізушісі ақынның өмірбаянын таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасады.

Кештің көркін ақын өлеңдерін жатқа айтқан оқушылар аша түсті. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында қойған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

— Мектепте оқып жүргенімде ұстазым әдеби кештерді көп өткізетін. Әр кездесуден рухани күш алып қайтатынмын. Менің әдебиетке жақын болуыма ұстазымның септігі тиді. Жалпы, кітап оқыған адамның жан дүниесі таза болады, — дейді ақын Талғат Тілеулес.

Сондай-ақ ол кештің өтуіне қолдау білдірген гимназия директоры Гүлназия Дәрібаеваға және кештің жақсы өтуіне мұрындық болған кітапхана меңгерушісі Ақзер Шекенова мен кітапханашы Ажар Асқароваға риясыз алғысын білдірді.

Кеш соңында оқушылар  ақынның әні мен сөзіне жазылған «Кітапханашылар» әнін орындады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button