Әдебиет

Үмбетбай мен Табыл таңдалды

Оқитын өлке

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Оқитын өлке — 2025» облыстық акциясын ұйымдастыру комитетінің алқа мәжілісі өтті.Оған Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері мен кітапхана директорлары қатысты.

Алдымен 2024 жылы шығармалары таңдап алынған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарова жылы қорытындыланып, атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.

Одан соң алдағы 2025 жылдың «Оқитын өлке» акциясын өткізуге қатысты облыстық және аудандық кітапханалардан 15 ұсыныс түскені айтылып, талқыға салынды.

Жиын барысында оқырманға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері пен сатирик Үмбетбай Уайдин менТабыл Құлиястың шығармаларын ұсыну жөнінде шешім қабылдады.

Енді «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, жыл бойы оқырмандар арасында қос жазушының шығармаларын насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, облыстық «Оқитын өлке» акциясы 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Осы кезге дейін Ғалым Ахметов, Мұхтар Құрманалин, Тахауи Ахтанов, Тобық Жармағамбетов, Қуандық Шаңғытбаев, Есенбай Дүйсенбайұлы, Қажығали Мұханбетқалиұлы, Өтежан Нұрғалиев, Сарышолақ Боранбайұлы, Нұрпейіс Байғанин, Мейірхан Ақдәулетұлы, Амантай Өтегенов, Сәбит Баймолдин, Өтебай Қанахин, Сағи Жиенбаев, Сара Мыңжасарова сынды белгілі қаламгерлердің шығармалары оқылды.

Толағай БҰРХАНҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button