Жыл қорытындысы: мемлекеттің босалқы жер қорына 237,2 мың га жер учаскелері қайтарылды
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау, жерлердің құнарлылығын арттыру бүгінгі күннің өткір және басты мәселелердің бірі.
Ақтөбе облысының жалпы көлемі 30062,9 мың га жер қорының 26970,2 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 25302,1 мың га жайылым.
Облыстың айналымға енгізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері 13341,1 мың га құрайды, оның ішінде жайылымдық жерлер 12098,4 мың га, 703,3 мың га егістік, 249,6 мың га тыңайған, 126,8 мың га шабындық жерлер.
Түгендеу жұмыстары
Мақсатына сай пайдаланбайтындығы анықталып келісім шарттарды мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттің босалқы жер қорына жалпы көлемі 237,2 мың га жер учаскелері қайтарылды.
Одан басқа «Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ–неауылшаруашылығы мақсаты бойынша жалпы көлемі 497,4 мыңга жер учаскелеріне тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 488,3 мың га жер учаскесінде заң бұзушылық фактілері анықталды.
Жер учаскелерін табыстау
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін көлемі 27,5га 275 жер учаскесі;
Ауыл шаруашылығына конкурс арқылы көлемі 406,4 мың га 155 жер учаскесі;
Коммерциялық мақсатта аукцион арқылы көлемі 61,3 га 221 жер учаскесі табысталды 161,1 млн тг сатып алу арқылы мемлекет бюджетіне түсті.
Қорғаныс мұқтажы үшін көлемі 742,4442 га 11 жер учаскесі табысталды;
2024 жылы жер қойнауын пайдаланушыларға көлемі 4130 га 50 жер учаскесі табысталды. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру 5 жоба бойынша 534,9 гектарда жасалды.
153,7 млн. теңге ауыл шаруашылығы шығасы өтеліп мемлекет бюджетіне түсті.
Елді мекен жерлері бойынша
Ағымдағы жылы облыс бойынша елді мекен жерлерінің жалпы көлемі 4320,2 мың га. оның ішінде жайылым 4053,4 мың га. құрайды.
Облыс бойынша 323 елді мекен бар.
Ақтөбе облысы бойынша елді мекендердің шекарасын белгілеу жумыстарын белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда, 323 елді мекеннің ішінде 186 елді мекеннің шекарасы нақтылай белгіленді. Қалғанелді мекендер бойынша 2025 жылы жұмыстар жоспарлануда.
Жер учаскелерінің салық төлемі
Жалпы а.ж. жер саласы бойынша облыс қазынасына түскен салық мөлшері 452 млн 860 мын тг құрайды.