Жаңалықтар

Өңір басшысы полицияның гарнизондық таратуына қатысты

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режімге көшті.

Осыған байланысты, 27 желтоқсанда облыс әкімдігінің аумағында аймақ басшысы Асхат Шахаровтың қатысуымен полиция және Ұлттық ұлан күштерінің кеңейтілген гарнизондық таратуы өтті. Сондай-ақ, шараға депутаттар мен еріктілер қатысты.

Асхат Шахаров тәртіп сақшыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, олардың қызметі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адал қызметі үшін алғысын білдірді. Өңір басшысы мереке күндері құқыққорғау органдарына жүктеме артқан кезде олардың жұмысының маңыздылығын атап өтті. Ол күшейтілген қауіпсіздік шаралары мереке күндері облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға көмектесетінін алға тартты.

Жаңа жылды мерекелеу кезеңінде облыста полиция жасақтарының тығыздығы артты. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау күшейтілді. 

Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды тиімді қамтамасыз ету үшін полиция жасақтары мәдени және бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жақындатылды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button